Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда бір топ жолаушы құстың кесірінен жолдан қалды

“Қазақэйр” әуе компаниясының Атыраудан Ақтөбе арқылы Астанаға ұшуы тиіс әуе кемесі көкке көтеріле бергенде құспен соқтығысып, кері қонуға мәжбүр болған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Жергілікті уақытпен 10 жарымда ұшып кетуі тиіс 50 жолаушы қазір Атырау әуежайында тентіреп жүр. Айтуларынша, бұларды бірнеше рет ұшаққа отырғызуға шақырып, бірақ белгісіз себептермен қайта шығарыпты. Осылайша, бірнеше сағаттан бері ас-сусыз жүрген халыққа тек әуе компаниясының өкілдері тілшілердің келетінін естіп, бір-бір кесе ыстық шай мен бутербродтан ұстатқан. Бүгін ұшудан күдер үзгендердің алды қонақүйлерге қайта бастады. Тіпті экипаж мүшелері де әдбен шаршаса керек, асай-мүсейлерін алып, олар да өз жөндеріне кетті.

«Ұшақты енді тексерістен өткізу керек деп  қайтадан осында алып келді әуежайға. Содан отырмыз әлі», – дейді жолушылардың бірі Дамир Мырзагереев.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда ауру баласына деп жиналған қаржыны қалауынша жұмсаған келіншек сотта жауап беріп жатыр

Талдықорғанда кәсіпкермен төбелескен әкім орынбасары қызметінен кетті

Қазақстанда сотталғандар үшін электронды білезіктер қолданысқа енгізіледі

Алматыда пәтерін заңсыз жалға бергендерді тексеру қашан басталатыны белгілі болды

Талқылау