Алматы соты екінші рет Жәнелдің анасы ақшаны басқа мақсатта жұмсады деген үкім оқыды

Дүйсенбі, 25 Қыркүйек , 2017 21:34

Тегін бүйрек бола тұра, жұрттың ақшасын емге деп алған ана енді соны қайтаруға міндетті! Бүгін сот ауру баласына деп жиналған қаржыны оңды-солды шашқан Ақмарал Жақсылықоваға қатысты шешімін өзгеріссіз қалдырды. Яғни, әйелдің 12 миллион теңгені перзентіне емес, өз пайдасына жұмсағаны екінші рет дәлелденіп отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Бірақ, сотталушының өзі бұл кінәсін әлі мойындамай отыр. Айтуынша, ол ақшаға баласына деп жаңа бүйрек алмағанымен, дәрі-дәрмек сатып алған.

Жәнелдің еміне деп, күні-түні қаржы жинаған еріктілер жақсылық жасаймын деп, бәле тілеп алған. Міне, 6 айдан бері сот жағалап жүр. Яғни, бұл жолы «балам ауру» деп мүсәпір күйге түскен әйелдің алдауына түсіп қалған. Енді, ең болмаса сол ақшаның жартысын қайтарып алсақ дейді.

«6 миллионды бізге қайтарса, бізге емес, ауырып жатқан бір баланың атына аударса. Кешірім сұраса донордан, және Мәуленнен кешірім сұраса дедік. Себебі алаяқ деп неше түрлі айтты. Сонда келісімге келуге дайын болдық», – дейді заңгер Жанна Шапатова.

Бірақ, қарсы тарап бұған көнер емес. Негізі, Ақмарал Жақсылықова ақшаны қайтарып беруге сот шешімі бойынша міндеттелген. Бірақ, әйел оған көнбей, апелляцияға берген болатын. Бұл жолы да судья шешімді өзгеріссіз қалдырды.Осылайша, Жәнелдің анасының қыруар қаржыны емге жұмсамағаны заң алдында екінші рет дәлелденіп отыр. Десе де, сотталушының өзі әлі кінәсін мойындап отырған жоқ. Айтуынша, 12 миллионға бүйрек алмағанымен, қымбат-қымбат дәрі сатып алған. Оның үстіне, балаға әлі де күтім керек екен.

«Қызымның еміне жиналған ақша, қызымның еміне жұмсалу керек деп ойлаймын. Менің қызым тәуір болып, жүгіріп кеткен жоқ әлі», – дейді Жәнелдің анасы Ақмарал Жақсылықова.

Расымен, 12 жастағы қыз әлі төсек тартып жатыр. Сирек кездесетін ауруға шалдыққан ол мектепке де бармайды. Өмірі дәріге байланған.

«Мен көп су ішем да, бірақ дәретке аз барам», – дейді Жәнел Жайлауова.

Ал, еріктілер оған көмектесу үшін өткен жылдың қарашасында ақша жинай бастаған еді. Ол үшін еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі шаралар ұйымдастырыпты. Сөйтіп жүріп, 12 миллион қаржы жинап берген. Ал, оған Жәнелге жаңа бүйрек сатып алады деп ойлаған екен. Бірақ, кейін Жақсылықованың миллиондарды емге жұмсамағаны анықталған. Ал, Жәнелге бүйректі әкесінің ағасы тегін беріпті. Әрі ота үшін мемлекеттен квота бөлінген.

12 миллионның дауы ұзаққа созылатын түрі бар. Өйткені, еріктілер Жақсылықованы енді өздерін балағаттағаны үшін де сотқа бермек. Әрі өздеріне тиесілі ақшаны қайтармай қоймаймыз деп отыр. Сотталушы әйел де айтқан бетінен сол күйі қайтқан жоқ. Апеллиялық соттан да жеңілген ол, енді жоғарғы сотқа дейін барамын деп отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Астанада Qazkom қызметкерінің клиент құжаттарын қоқысқа тастай салуы дауға айналды (видео)

Қостанайлықтар қала көшесімен кетіп бара жатқан ұшақты видеоға түсіріп алды (видео)

Төлешовтың тоқалдары тұрған үйлер кімнің меншігіне өтті? (фото)

“Жеңгетайлықпен” айналысқан депутат Юлия Каралаш туралы не білеміз

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар