Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Solidcore Resources компаниясы 48 жылдық әлеуметтік-экологиялық жобасын жалғастырып келеді

Фото: Unsplash.comФото: Unsplash.com

48 жыл – Solidcore Resources компаниясының орман-климат жобасының жоспарланған мерзімі. Жоба аясында Қостанай облысының аумағындағы 487 гектар жерге 2,5 миллион көшет егіледі. 2028 жылы орман егу жұмыстарының барлық кезеңі аяқталғаннан кейін компания ағаштарға күтім жасауды жалғастыра береді.

Жобаның мақсаты – компанияның көміртек ізін азайту, орман алқаптары арқылы көміртекті сіңіру және парник газдар шығарындыларын өтеу. Бұл бастама Қостанай облысының Фёдоров ауданының аумағында жүзеге асып жатыр. Таңдалған жер – жоғары сортаңды, бұрын орман өспеген, ауыл шаруашылығында және рекреациялық мақсаттарда қолданылмаған аумақтар.

Жоба топырақты зерттеу жұмыстарынан басталды. Нәтижесінде жергілікті топыраққа ең төзімді ағаш түрлері анықталды. 28 гектар аумақта жүргізілген сынамалық жоба кезінде қарағаш көшеттерінің жерсіну деңгейі 90%-ға дейін жеткені байқалды.

2024-2025 жылдары 190 гектар аумақта 950 000 жатаған қарағаш көшеті егілді. Жалпы жоба аясында 4 жылда 2,5 миллион көшет егіліп, кейін орман екпелерінің көміртекті секвестрация деңгейі тұрақты түрде тексеріліп, көміртек бірліктері шығарылып отырады.

Бұл – ұлттық бірыңғай көміртек бірліктері тізімінде тіркелген алғашқы ерікті орман көміртек жобасы. "Ормансыз жерлерде орман өсіру жобасы" көміртек офсеті бойынша жобалық құжаттама мен мониторинг жоспарын "Жасыл Даму" АҚ сараптамалық қорытындысына сай, Экология және табиғи ресурстар министрлігі мақұлдады.

Жобаның операторы – "Assyl Orman" ЖШС. Ол жыл сайынғы егу жұмысын жүргізіп, қазіргі күтім және маусымдық шаралармен, өрт қауіпсіздігі мен бүкіл жобаның мониторингімен айналысады.

"Solidcore Resources компаниясының орман-климаттық жобасы Қазақстан үшін ерекше. Себебі бұл – республикадағы жалғыз карбондық егіншілік жобасы. Біздің міндетіміз – көміртекті секвестрациялау және климаттың өзгеруін болдырмау үшін орман егу", – дейді Assyl Orman директоры Марат Бикенов.

Solidcore Resources компаниясы жасыл бастамаларды кеңейтуге ерекше көңіл бөледі. Компанияның ESG стратегиясында жасыл жобалар мен ұзақ мерзімді климаттық жоспарға ерекше назар аударылады. Компанияның тағы бір маңызды жобасы – Қостанай және Абай облыстарында күн және газ-поршеньді электр станцияларын салу. Осы арқылы компания өзінің көміртек ізін едәуір қысқартуды және Қазақстанның көміртектік бейтараптыққа жетуіне үлес қосуды мақсат етеді. Биыл компания Қазақстанның тау-металлургия секторы кәсіпорындары арасында "Тұрақты даму саласындағы үздік стратегия (ESG)" номинациясы бойынша бірінші орынды иеленді.

Solidcore Resources – Қазақстандағы жетекші алтын өндіруші компания. Ол Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген және оның акциялары АХҚО биржасында (AIX) саудаланады. Solidcore портфелінде Қазақстан аумағында екі жұмыс істеп тұрған кәсіпорын және ірі даму жобасы бар.

Еңлік Сақтан
Бейсенбі, 30 Қазан, 2025 09:00
Талқылау