Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Солай болып қалды”: 13 жастағы оқушы қыз ағасынан бала тапқанын мойындады

Жуырда ана атанған 13 жастағы оқушы қыз 20 жастағы өгей ағасынан бала тапқанын мойындады.

девочка родила в 13 лет

Бұл туралы «Комсомольская правда» басылымы хабарлады.

Сәбидің әкесі – қыздың өгей әкесінің ұлы (ол адаммен қыздың анасы бұрын бірге тұрған). Анасы рак ауруынан қайтыс болғаннан кейін өгей ағасы қарындасына қамқорлық танытқан. Алайда оның қолдауы ақырында кәмілеттік жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсуімен аяқталған.

Оқиға Ресейдің Екатерибург қаласында болған.

«Анам қайтыс болғаннан кейін өз әкеммен араласпай кеттім. Себебі анамның өліміне барлық адамдарды кінәладым. Туған әкем бірге тұруға ұсыныс жасаған. Алайда маған әпкеммен бірге тұрған қолайлы. Анамнан пәтер қалған. Ол жақта жалғыз қонған емеспін. Сол пәтерге анда-санда Никита келіп тұратын. Оның басқа ойы болған жоқ. Бар болғаны мені бір жаққа шақырып, бірге теледидар көру үшін келетін. Анам қайтқаннан кейін маған барынша көмек көрсетті», – деді ана атанған оқушы қыз.

Қыздың сөзіне қарағанда, екеуі де жақындасу туралы ойламаған. Қазір жеткіншек оған қалай беріліп қойғанын түсіндіре алмай отыр.

«Солай болып қалды. Негізі ол біреудің қалауымен болған жоқ. Бірнеше рет жақындасқанымызды айтқым келеді. Ол маған тиіскен емес. Жанымызда туыстарымыз болмады. Тек екеуміз оңашада қалдық. Ал баланы жоспарлаған жоқ едім. Аборт жасату туралы да ешкім айтпады, өзім де ол туралы ойланбадым. Шыны керек, сәбиімнің әкесін сүймеймін. Бірақ баламызды бірге тәрбиелейміз деп жоспарлаған едім. Ал енді болашақта не боларын білмеймін. Заң бойынша, маған онымен бірге тұруға болмайды. Сәбиімді де тастайтын ойым жоқ», – дейді жас ана.

Қазіргі уақытта Алёна өзінің өгей әкесі мен оның бұрынғы жұбайымен бірге тұрып жатыр. Ересектер нәрестенің тәрбиесін өз мойындарына алыпты. Себебі заң бойынша оқушы қыз 16 жасқа дейін ұлын өзі тәрбиелей алмайды.

Жіберіп алмаңыз:

Америкалық азамат 10 минутта 72 хот-дог жеп, рекорд орнатты (видео)

24 жастағы жас ана арықтауға арналған дәрі ішіп, көз жұмды

Бір топ әйел бала зорлаған педофилді байлап қойып, аяғын сындырды (видео)

16 жастағы жеткіншек өз қалауымен 71 жастағы кедей әжейге үйленді (видео)

Талқылау