Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

24 жастағы жас ана арықтауға арналған дәрі ішіп, көз жұмды

Арықтауға бел буған Лусеро Кампос дәрігердің кеңесіне жүгінбестен, бір айдан бері арықтауға арналған препаратты қабылдап жүрген. Ол дәрінің табиғи шөптерден жасалғанына сенімді болғандықтан да арнайы мамандардан кеңес сұрамапты.

d936d4e32f914dfd4bf0db827c627a61__1440x

Бұл туралы шетелдік El Universal басылымы хабарлады.

24 жастағы испан қызы 1 жыл екі ай бұрын ана атанған. Содан кейін сыртқы мүсінін қалпына келтіруге тырысқан ол арнайы препараттың көмегіне жүгінуді жөн көрген.

Кампос Avitia Corbax препаратын қабылдаған. Өткен сенбіде, яғни 1 шілде күні тыныс алуы қиындаған бойжеткен ауруханаға түскен. Артынша комаға түсіп қалған ол көп ұзамай көз жұмған.

Дәрігерлер жас ананың арықтауға арналған дәріден көз жұмғанын анықтады.

Басылымның хабарлауынша, препараттың құрамында тыйым салынған компоненттер болған. Оның салдарынан адам жиі терлеп, бас ауруына душар болуы мүмкін. Сондай-ақ, препаратты қабылдаған адамның жүрегі айнып, талып қала береді екен.

Жіберіп алмаңыз:

Бір топ әйел бала зорлаған педофилді байлап қойып, аяғын сындырды (видео)

16 жастағы жеткіншек өз қалауымен 71 жастағы кедей әжейге үйленді (видео)

Екі жігіт бойжеткенді ауызашарға шақырып зорлап, видеоға түсірген

Сириядан келген босқын қыз Ресейде мектепті алтын медальмен бітірді

Талқылау