Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық азамат 10 минутта 72 хот-дог жеп, рекорд орнатты (видео)

Америкалық азамат Джоуи Честнат (Joey Chestnut) хот-дог жеу бойынша чемпионаттан рекорд орнатты. Ол 10 минутта 72 хот-дог жеп қойды.

20170705165635

Сайыстың бұл түрі жыл сайын АҚШ-та 4 шілде – тәуелсіздік күні өткізіледі, деп хабарлайды Лента.ру.

Шетелдік басылымдардың мәліметіне сүйенсек, 33 жастағы ер адам осымен хот-дог жеуден оныншы рет жеңіске жетіп отыр. Былтырғы жылы ол 70 хот-дог жеп, жарыста бірінші орын алған болатын.

Ал әйелдер арасында 20 жастағы Мики Судо (Miki Sudo) төртінші рет чемпион атанды. Ол аз уақыттың ішінде 41 хот-дог жеп қойды.

Жеңімпаздар сыйға 10 мың доллар алды. Ал іс-шараға хот-дог асын әзірлейтін америкалық Nathan’s Famous мейрамхана жүйесі демеушілік етті.

Жіберіп алмаңыз:

24 жастағы жас ана арықтауға арналған дәрі ішіп, көз жұмды

16 жастағы жеткіншек өз қалауымен 71 жастағы кедей әжейге үйленді (видео)

Екі жігіт бойжеткенді ауызашарға шақырып зорлап, видеоға түсірген

Бір топ әйел бала зорлаған педофилді байлап қойып, аяғын сындырды (видео)

 

Талқылау