Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да тұрғын үйде газ жарылып, жасөспірім қаза тапты

СҚО Аққайың ауданы Смирново ауылында екі қабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Оқиға салдарынан 2011 жылы туған қыз бала қаза тапты. 2001 жылы туған азамат жарақат алып, орталық облыстық ауруханаға жатқызылған.

"8 желтоқсан күні сағат 14.50-де Смирново облыс орталығының өрт сөндіру бөліміне Титова көшесіндегі екі қабатты, үш кіреберісті тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде газ-ауа қоспасының жарылғаны туралы ақпарат келіп түсті. 60 шаршы метр аумақ өртеніп, терезелері сынған, ғимаратқа зақым келген", – делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Құтқарушылар жарылыс болған үйден тоғыз адамды эвакуациялады. Төтенше жағдай орнына облыс әкімі мен мемлекеттік органдардың өкілдері шықты.

"Сағат 17.03-те өрт сөндірілді. Өртті жоюға төрт бірлік техника мен жеке құрамның 15 қызметкері, полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Жарылыстың себептері мен шығыны анықталуда", – делінген хабарламада. 

Талқылау