Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да коронавирусқа шалдыққан баладан жеті адам індет жұқтырған

Солтүстік Қазақстан облысында бір түнде коронавирус жұқтырған жеті науқас тіркелді, олардың алтауы Петропавлда, біреуі Қызылжар ауданында, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы СҚО-ның тауар сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департамент басшысының орынбасары Татьяна Горлова мәлңмдеді. 

Айтуынша, науқастардың барлығы - коронавирусқа шалдыққан баламен байланыста болғандар. Қазір олар басқаларынан оқшауланып, ем қабылдауда. 

"Сынама нәтижелері таңғы сағат төрт-бестер шамасында шықты. Бір нәрсені кесіп айтуға болмайды. Барлығы карантинге жатқызылды. Олардың үйлері залалсыздандырылып, науқастармен қарым-қатынаста болғандардың барлығы анықталды. Эпидемиалогиялық тексеріс жүргізілуде. Бүгін науқастардың сырқаттанғанына қол жеткізу үшін тағы бір сынама жасалады", - деді басқарма басшысының орынбасары. 

4  сәуір күні СҚО-да коронавирусқа шалдыққан 25 науқас тіркеуде тұр екен. 


Петропавлда медициналық қызметкер өзінің 86 жастағы анасына коронавирус жұқтырған

Талқылау