СҚО-да әйелін қызғанған күйеуі 6 айлық қызын аяусыз ұрып тастаған
Солтүстік Қазақстанда мас әкесі 6 айлық қызын аяусыз ұрып тастаған. Оған әйелін қызғануы себеп болған.
Сурет: www.tomsk.ru
Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.
Ер адам төсекте жатқан қызын тұрғызып алып, оның бетінен 5 рет, сосын басынан бірнеше рет ұрған. Сараптамаға сәйкес, қыздың жабық бас-ми жарақат алғаны, бетінің қанағаны анықталған. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалып, алайда медиация туралы шартқа сәйкес тоқтатылған.
Тимирязев аудандық полиция бөлімінен жіберілген дәл осындай іс сотта қаралған. Онда да әйелі үйінде жоқ болғандықтан күйеуі 7 жасар баласын тақтаймен ұрған.
Бала түрлі ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Алайда, қатал әке сотта кінәсіз болып шыққан.
Петропавл тұрғыны да күйеуінің 10 жастағы қызды жыныстық қатынасқа мәжбүрлейтінін айтып арызданған. Бұған сәйкес тергеу жұмыстары да тоқтатылған.
Прокурорлар тұрмыстық зорлық әрекеттерінің құрбандарына заңды, медициналық, психологиялық көмек көрсету желісін кеңейту керек деп есептейді. Олар тіпті жәбірленуші келісімге келсе де, кінәлілерді жазалау керектігін айтқан. Өйткені әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты кодексте тұрмыстық зорлық әрекеттерге байланысты ескерту не 1 күннен 10 күнге дейін қамауға алу жазасы бар. Прокурорлар мұның оңай жаза түрі екенін айтады.
Елена Крылова
Жіберіп алмаңыз:
Ресейде қазақстандық өгей қызын ұрып, спортқа баулымақшы болған
Ақтаулық жүргізуші жолдан тездетіп өте қоймаған бойжеткенді аяусыз ұрып тастады
ШҚО-да ер адам қолын қатты қысып амандасқан танысын сүйменмен ұрып өлтірді