AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"СК-Фармация" 159 млн теңгенің дәрі-дәрмегін жояды: Сенатор Денсаулық сақтау министрлігінің заң бұзушылықтары туралы мәлімдеді

Сенатор Андрей Лукин денсаулық сақтау министрлігі және оған қарасты компаниялардың қызметіндегі дәрі сатып алуда жіберілген заң бұзушылықтар туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сенатордың айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек және медициналық өнімдерге арналған шығындарды жоспарлағанда маңызды көрсеткіштер жоқ немесе жоғары белгіленген бюджеттік өтінім негізінде жасаған. Жұмыстағы мұндай тәсіл 66 миллиард теңгеге жуық бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына алып келді.

"2020 жылы 39 нозологияға шамамен 66 млрд теңге тиімсіз жұмсалды. Онда 6 нозология бойынша 26 млрд теңге көлемінде толық қаржыландырылмау аясында заң талаптарының осылай бұзылуына жол берілген. "СК-Фармация" ЖШС сақтау қоймаларында 2019-2020 жылдары 159 млн теңгеге сатып алынған препараттар сақтаулы, мерзімі өтуіне байланысты олар жарамсыз, жоюға тура келеді", – деді Андрей Лукин Сенаттың жалпы отырысында.

Оның айтуынша, сонымен қатар министрлік Ұлттық орталықтың есептеулері негізінде, сондай-ақ Кодекстің 76-бабына қарамастан дәрі-дәрмектің шекті бағасын көтеріп жіберген. Нәтижесінде, дәрі-дәрмек өз құнынан 1,5 млрд теңгеге қымбатқа сатып алынған. 



"Бұл жағдай нарықта дәрі-дәрмектер мен медициналық заттарды келісімді түрде жоғары бағамен жеткізуге мүмкіндік береді. Мысалы, уәкілетті орган "СҚ-Фармация" ЖШС-де 9 миллиард теңгеге вакциналарды мемлекеттік сатып алу кезінде Кәсіпкерлік кодекстің 169-бабында тыйым салынған картель белгілерін анықтады. Құны 14,4 миллиард теңге болатын, клиникалық тиімділігі дәлелденген 16 препарат сатып алынды. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен 2020 жылға арналған бірыңғай дистрибьютерлер тізіміне бағасы 1,8 миллиард теңгеге көтерілген, 48 дәрілік зат атауына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді", – деді Андрей Лукин.

Сенатор осыған байланысты дәрілік заттарды жеткізушілер арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімдерді әзірлеуге, пациенттер туралы мәліметтерге маңыз бере отырып анықтығын қамтамасыз етуге қатысты сұрақтарға жауап беруді сұрады.

Андрей Лукин сонымен қатар министрліктің бюджеттік өтінімін дайындау кезінде барлық медициналық ұйымдарға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті айқындаудың бірыңғай ережесін әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр