Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сыртқы істер министрлігі Украинадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Украинадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Украина президентінің баспасөз қызметі

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның Украинадағы елшілігі штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын айтты. 

“Сыртқы істер министрлігінде әлемдегі жағдайға мониторинг жасайтын арнайы Ахуалдық орталық жұмыс істейді. Біздегі мәліметтер бойынша, шетелдік дипломатиялық корпус та Киевтегі жұмысын жалғастырып жатыр және азаматтарды эвакуациялап жатқан жоқ”, – деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, қазақстандықтардан эвакуациялау туралы өтініш түспеген. Сондай-ақ арнайы рейстер жоспарда жоқ.

“Украинада соғыс қимылдары бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқаны бәріңізге белгілі. Біздің есептеуіміз бойынша, Украинада 300-ге жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін. Алайда елдегі жағдайға байланысты нақты санды айту қиын”, – дейді Айбек Смадияров.



Сонымен қатар сыртқы істер министрлігі Украиндағы қазақстандықтарға елден кетуге кеңес берген.

“Біз жұмыс істеп жатырмыз, отандастар өтініш білдірген кезде қазақстандық дипломаттар барлық қажетті көмекті көрсетеді. Қалай болғанда да, жағдайдың одан әрі дамуына қарай әрекет етеміз”, – деді ол.

Бұған дейін премьер-министр Украинадағы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізген еді. 

Талқылау