Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты қауіпсіздік шараларын қабылдауды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты әскерді күшейтіп, қауіпсіздік шараларын қабылдауды тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тоқаев премьер-министрге, президент әкімшілігінің басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.
Парламент палаталарының төрағалары қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді.
Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отырғанын мәлімдеді.
“Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау”, – делінген хабарламада.
Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген еді.
Бұған дейін Қазақстан елшілігі қазақстандықтарға Украинадан кетуге кеңес берді.
Инфляция қарапайым тілмен: Жалақы өзгермесе де, азық-түлік неге қымбаттайды
Инфляция азық-түлік бағасына қалай әсер етеді және жалақы өзгермегенде отбасы бюджетіне қалай салмақ түсіреді.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"