Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сириядағы қазақ балалары: Соғыс ошағында жүрген қазақстандықтардың туыстары оларды елге қайтаруға көмек сұрады

Діннің жетегінде кетті ме, әлде гипнозға ұшырады ма әйтеуір шамамен 300-ге жуық қазақстандық әлі де Сирияда жүр. Соғыс ошағында жүрген содырлар Сириядан қайтқанмен, райынан қайта ма? Ал, бар мүлкін сатып, соғыс ошағына отбасымен кетіп қалған қазақтардың елдегі туыстары олардың жағдайын біле алмай, шырылдауда.

Сириядағы қазақ балалары: Соғыс ошағында жүрген қазақстандықтардың туыстары оларды елге қайтаруға көмек сұрады

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Бүгінде, Сириядағы балалардың өміріне алаңдаған олардың Қазақстандағы туыстары бала-шағамызды қайтаруға көмектесіңіздерші деп көмек сұрайды.

Сириядағы қазақтар, Сириядағы балалар. Ақпарат құралдарында біраздан бері бұл тақырып сөз болмады. Өйткені, арнаулы органдардың жұмысының арқасында бейбіт елінен безіп, соғыс ошағына бала-шағасымен аттанатындардың қатары сиреді. Дегенмен әлі күнге ол жақтан оралмаған отандастар көп. Әсіресе, соғыс ошағында қалған қазақстандық балалар бар. Ал, олардың Қазақстанда қалған туыстары, ең болмаса бейкүнә балаларды елге қайтарғысы келеді.

Сириядағы қазақ балалары: Соғыс ошағында жүрген қазақстандықтардың туыстары оларды елге қайтаруға көмек сұрады

«Шамамен 300-ге жуық қазақстандық әлі де Сирия мемлекетінде жүруі мүмкін. Қоғамдық даму министрлігінің өкілі бізге берген сұхбатында айтқан мәлімет бұл. Дегенмен бұл цифрдың бұдан да көп болуы мүмкін. Өйткені, елінен безіп, Сирия аспақ болғандар мұнда қалған туыстарымен жиі байланысқа шыға бермейді. Әрі, нақты өздерінің қай соғыс даласында екенін де ашып айтпайды»,- дейді тілші Ирина Советжанқызы.

Сириядағы қазақ балалары: Соғыс ошағында жүрген қазақстандықтардың туыстары оларды елге қайтаруға көмек сұрады

Бұл балалар – бір үйдің балалары. Дильназ, Кәмила, Омар, Осман және Ясмин. Үлкені – 13-те, ең кішісі әлі жасқа да толмаған. Соңғы екеуі өз елінен безіп, соғыс даласына бала-шағасын ерте кеткен отбасының Шам жерінде дүниеге келген кенжелері. Қазақстанда қалған туыстары кішкентайларды тек суреттерінен ғана көрген. Әкелері Кенжебек пен анасы Нұргүл Ахмадиевтер осыдан бес жыл бұрын дүние мүлкін сатып, үш баласын алып, Сирияға кетіп қалған. Дәл қазір Сирияның қай жерінде жүргені белгісіз балаларды нағашы әжесі елге қайтарғысы келеді. Бірақ амалын таппай әлек.

Сириядағы қазақ балалары: Соғыс ошағында жүрген қазақстандықтардың туыстары оларды елге қайтаруға көмек сұрады

Халима апа қызына қоңырау шалып отыр. Қызын сағынғанда, немерелерінің дауысын естіп, телефон арқылы болса да, түрлерін көріп, көзайым болғысы келсе, тек Ватсап желісімен телефон шалатыны бар. Бірақ ар жақтан жиі жауап ала алмайды. Сирияға кеткен қыз-күйеу баласының бұл жақтағы туыстарымен үнемі тілдесе беруге мүмкіндіктері жоқ. Мүмкіндіктері болғанда да жарытып сөйлесе қоймайды дейді.

«Қызым қайда жүрсің, қандай жер, тамақ қалай деп сұрасам, бәрі жақсы, тамағымыз бар деп нені баса салады. Өшіре салады»,- дейді Алматы облысының тұрғыны Халима Бейсембекова.

Алматы облысының тұрғыны Халима Бейсембекованың қызы Нұргүл Ахмадиева мен күйеу баласы Ахмадиев Кенжебектің үш баласын алып, Сирияға кеткеніне тура бес жыл толыпты. Осы уақыт аралығында тағы екі жиенім Шам жерінде дүниеге келді дейді Халима апа. Алғаш жиендерінің соғыс жеріне кетіп қалғанын «Информбюро» жаңалықтарынан көрген әжей өз көзіне өзі сене алмапты.

Сириядағы қазақ балалары: Соғыс ошағында жүрген қазақстандықтардың туыстары оларды елге қайтаруға көмек сұрады

Сириядағы қазақтар туралы репортаждан туған жиені Кәмиласын көріп қалған әжей, «мүмкін шатастырдым ба деп» өз өзін алдамақ болғанымен, қыз-күйеу баласының із-түзсіз жоқ болып кеткені – күдігін күшейте түскен. Үйіне ҰҚК қызметкерлері келіп, дәл осы фильмді көрсеткенде, сенбеске амалым қалмады дейді.

Өздері адасқанымен қоймай, бала-шағасын да соғыстың ортасына апарған қыз-күйеу баламның қылығын әлі де түсіне алмаймын дейді Халима апа. Қызы Нұргүлі – үйінің кенжесі болған. Мектебін қызылға бітіріп, екі бірдей жоғарғы оқу орнын – Жезқазғанда заңгерлік, Алматыда Каспий университетін тәмамдаған. Мамандығы – заңгер қызымның басы бұлай шатылып кетеді деп үш ұйықтасам, түсіме кірмеген дейді апа. Әлі де сенгісі жоқ.

«Оқып тастаған деп айтты елдер. Бұларды оқиды екен. Секта сияқты оқып тастайтын көрінеді. Гипноздап, басқа ұғымды түсіндіреді»,- дейді Алматы облысының тұрғыны Халима Бейсембекова.

Қоғамдық даму министрлігі, қоғамдық даму комитеті төрағасының орынбасары Балғабек Мырзаев, дәл қазіргі уақытта Сирияда жүрген қазақтардың саны қанша, онда қанша бала әкесіз қалды, қазір олардың қалай күн көріп жатқанын дөп басып айту қиын дейді.

«Бір кездері олардың саны 400-ге жуық деген болатын. Қазір 300-ге дейін төмендегені айтылып жатыр. Бірақ нақты мәліметті ешкім айта алмайды деп ойлаймын»,-деді қоғамдық даму комитеті төрағасының орынбасары Балғабек Мырзаев.

ҚР ҰҚК желтоқсан айында берген мәліметіне сүйенсек, Сирия елінен елімізге 125 адам оралып, оның 57-сі қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты. Биылғы сан әзірге белгісіз. Халима әжей болса, қызының елге қайтқысы келетінін айтады. Ең болмаса, немерелерімді елге алғыза алатын мүмкіндік бар ма деп, ашпаған есігі қалмапты.

« Қызыма айтқам бала шағаны алып қайт дегенде: «мама, қайтқым ақ келеді, бірақ» деді де, үнсіз қалды»,- дейді Алматы облысының тұрғыны Халима Бейсембекова.

Бірақ мұнда бала-шағаммен түрмеге жапса, елге қайтудың қажеті қанша деп қорқады дейді. Алайда бұрынғы Дін істері, қазіргі Қоғамдық даму министрлігінің өкілі Сириядан қайтқанның бәрі қамалып жатқан жоқ. Өз еркімен кеткені бар, еріксіз кеткені, адасып барғаны бар, әр адамның ісі жеке қаралады. Тіпті, ел аумағында отырып-ақ, сол жақтағы азаматтарды заңсыз қаржыландырған азаматтар да жауапкершілікке тартылып жатыр дейді.

«Қандай да бір қарулы қақтығысқа қатыспаған болса, олардың әрекеті басқаша қаралады. Ал енді содырлы әрекеттер жасаған болса, күмәнді радикалды топтарды қаржыландыруға қатысқан болса, міндетті түрде жауапкершілікке тартылады»,-деп түсіндірді қоғамдық даму комитеті төрағасының орынбасары Балғабек Мырзаев

Исламды желеу етіп, адасқандар мен шекара асса да, қателігін түсініп кері қайтқандармен Қоғамдық даму министрлігі жұмыс істеуде. Министрліктің бастамасымен, 105 азамат дәстүрлі дініне қайта оралған. Ал, өз еркінен тыс ата-анасының қалауымен шекара асқан балалар жауапкершілікке тартылмайды.

Мына заман өзгерді
Аттанатын кез келді
Жүректерде иман оянды
Найза қанға боянды…

«Мына заман өзгерді» дейді, өзгерткен өз әкесі. Балалардың жазығы жоқ. Олар үлкендердің үйреткенін айтады.

Қараңыз, өткен жылы Сириядан отанына 125 адам оралған екен. Соңғы 4 жылда Сирия мен Иракта ДАИШ ұйымында 347 қазақстандық азамат болған. Арнаулы органның мәліметінше, 2017 жылы сирия-ирак аумағында 16 жасқа дейінгі 390 бала болған екен. Кім кінәлі? Тек қана ата-анасы ғана деп айта аламыз ба? Иманын-интернеттен түзегендер шекара асып кететіндей қатені қайдан жібердік? Мүмкін расында да Халима апаның сөзінде жан бар шығар. Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры, дінтанушы Қайрат Құрманбаевқа осы сауалды қойғым келіп тұр. Қайрат мырза, санасы уланғандарға гипноз әдісі пайдаланылуы мүмкін бе?

«Гипноз деп айту қиын. Жалпы мына сөзде, тілде сиқыр бар. Адам өте әдемі сөйлеп, діни идеологиясын керемет жеткізе білген кезде адамдар олардың сөздеріне алданып қалып жатады»,-дейді дінтанушы Қайрат Құрманбаев.

«Қызым, жиендерімді қайтаруға көмектесші?!» Халима апайдың маған айтқан өтініші осы. Санасы уланып, өз аяғымен соғысқа кеткен үлкендерді елге қайтару ешкімнің де қолынан келмес. Ниеттері өзгермесе… Ал, өздерінің қайда жүргенінен мүлдем хабарсыз бейкүнә сәбилердің жазығы не? Бұл – тек Халима әжейдің ғана емес, ол кісі ақпарат алып отыратын чаттағы балалалары, немерелері Сирия жерінде жүрген 80-ге жуық ата-ананың тілегі. Тек бір ғана чаттағы ата-аналардың, 16 жасқа толмаған Сирияда 122 балалары, қайталап айтайын, шиеттей балалары жүр. Балалар – біздікі. Қазақтікі. Ата-аналар, қазір Сириямен анда-санда болса да, байланыс бар дейді. Ең болмаса ата-аналары тірі кезінде кішкентай балаларды бері қайтарып алсақ, бөтен елде, соғыс ошағында қаңғып қалмаса екен дейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Жұма, 13 Шілде, 2018 14:58
Талқылау