Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сирек кездесетін ауруға шалдыққан ақтаулық жасөспірімге көмек қажет

Ақтаулық 16 жастағы Иван Каракозовқа қорқынышты диагноз қойылған – оның лимфа жүйесінде қатерлі ісік жасушалары түзіледі. Ауруды қорқынышты қылып тұрған сол – баланың организмі химиотерапияға мүлде жауап бермейді. Ал өтіп жатқан уақыт бірнеше айға ұзап барады. Жасөспірімді Ыстамбұлда емдеуге дайын, алайда ата-анасының бұл сапарға шығуға қаржылық мүмкіншілігі жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Әлі жас әрі өмірге құлшынысы жоғары Ваняға "неходжкинская лимфома" диагнозы қойылған. Ауру кезінде, Лимфа жүйесінде қатерлі ісік жасушалары пайда болады. Бір жылдың ішінде дерт белсенді әрі мақсаты таудай баланы төсекке таңылдырып, өмірін бір пәсте өзгертіп жіберген. 

"Бала "неходжкинская лимфома" диагнозымен, асқынуларымен және плевритпен келіп түсті. Ауру күн өткен сайын дендеп келеді. Қазір ол паллиативті ем қабылдауда", – дейді Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының балалар бөлімінің меңгерушісі Айгерим Өтегенова.

16 жастағы Ваня қазірдің өзінде бірнеше медициналық орталықтарда ем қабылдап үлгерді. Бірақ Қазақстанның ең озық ауруханаларының өзі жасөспірімге көмектесе алмаған. Баланың денесі іс жүзінде химиотерапияның ең күшті дозаларына жауап бермейді. Осы жылдың тамызындағы соңғы емдеуден кейін Ваняны үйіне, Ақтауға, жергілікті ауруханаға жіберген. Ата-анасы үміттерін үзгісі келмейді. Олар баланың айығып кетуіне 100% кепілдік бермесе де, көмектесуге дайын дәрігерлерді тапқанын айтады.

Ваняның анасының айтуынша олар қол қусырып отырмай, баланың еміне ақша жинап, емханаларды іздей бастаған.

"Қазіргі уақытта бізге Ыстамбұлда орналасқан Emsey ауруханасы жауап берді. Олар бізді қабылдауға дайын. Біздің үмітіміз оянды. Біз ол жаққа лажы болса тезірек ұшып кетуіміз керек, бірақ емхананың бағасы қымбат. Емдеуге шамамен 107 мың доллар қажет. Әрине, бізде мұндай ақша жоқ, сондықтан Ваняның өмірін сақтап қалу үшін көмек сұраймыз", – дейді анасы Ольга Рязанова.

Ауырғанға дейін Иван Энергетикалық колледжде электрик болып оқыған және өміріндегі алғашқы көлікті сатып алу үшін тезірек жұмысқа орналасуды армандаған. Қазір баланың арманы да өмірі де да өзгеріп кеткен. Енді ол тек бір нәрсені ғана армандайды – тезірек аурудан айығып қалыпты өмірге оралып, жақсы көретін інісінің жанына баруды.

Ваняны Стамбұлға жіберу үшін шамамен 46 миллион теңге қажет. Ақтаулықтар әзірге 7 миллионын ғана жинап үлгерген. Бірақ баланың жақындары үміттерін үзбейді. Олар жақын арады тиісті соманы тауып баланың өмірін сақтап қалуға сенеді.

Көмек қолын созу үшін реквизиттер:

Kaspi Gold: 8 775 839 90 59 (Ольга Р.);

"Сбербанк": 4263 4333 3423 9339 (Karakozov Ivan Sergeevich).

Ақберен Амангелді
Сейсенбі, 24 Тамыз, 2021 10:20
Талқылау