Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сыңарын құтқару үшін қолтырауынмен төбелескен қыз патша сыйлығын алды

Ұлыбританияда егіз Джорджия мен Мелисса Лори өзенде шомылып жүргенде оларға қолтырауын шабуылдаған. Джорджия сыңарын қолтырауыннан құтқарып қалғаны үшін марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Aaron Chown/PA

Үш жыл бұрын егіз Джорджия мен Мелисса Мексикада Пуэрто-Эскондидо өзенінде шомылып жүргенде қолтырауынды байқаған. Джорджия жағаға жетіп үлгерген, бірақ Мелиссаны қолтырауын суға сүйреп кеткен екен және бірнеше жерінен тістеген.

31 жастағы Джорджия бауырын құтқару үшін қолтырауынмен екі рет айқасқан. Ерлігі үшін оған патшаның сыйлығы берілді. Король III Чарльз марапаты қарапайым тұрғын өз өмірін қатерге тігіп, біреуді құтқарғаны үшін беріледі.

"Мен Мелиссаның қайтпас батылдығына таңдандым, өйткені ол соңына дейін берілген жоқ және бұл нәрсе маған жігер берді", – деді сыңарын құтқарған Джорджия.

Мелисса етпетімен судың бетінде ес-түссіз жатқан. Джорджия оны байқап, есін жиғызды. Алайда қолтырауын оларға қайтадан шабуылдаған. 

Джорджия бір қолымен сыңарын суға батырып алмай ұстап, екінші қолымен қолтырауынмен төбелескен. Қолтырауын Мелиссаға тағы шабуылдап, оны суға батырған. Бірақ Джорджия оны ұрып, бауырын алып шыққан.

Төбелесіп жатқан кезде қолтырауын Джорджияның қолын тістеп алған. 

Суда өтіп бара жатқан қайық оларды байқап құтқарып алды. Олардың жағаға шығуына 25 минут және ауруханаға шығуына 20 минут кеткен. Осы уақытта Мелисса ауыр жарақаттармен жатса да, шыдады.

Мелиссаның білегі сынып, асқазаны, ішегі жараланған, сондай-ақ аяғы, табаны мен бөкселері бірнеше рет тістелген. Оған шұғыл ота жасалып, кейін комаға жатқызылды. Ауруханада ол сепсиспен ауырды, десе де ұзақ уақыттан соң айыға алды.

Енді Джорджия мен Мелисса тамызда PTSD UK және Compañeros En Salud мексикалық қайырымдылық ұйымына ақша жинау үшін Ұлыбританияның ең ұзын өзендерінің бірінде 13 шақырым (8 миль) жүзетін Темза марафонына қатыспақ. Бұл ақша Чиапастағы кедей қауымдастықтарға көмек және медициналық оқытуға жұмсалады.

Талқылау