Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СІМ Оңтүстік Кореяда жүрген қазақстандықтарға мәлімдеме жасады: Ол жақта 35 мың азамат жүргені анықталды

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореяда жүрген қазақстандық азаматтарды елге оралуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қытайдағы инфекция

«Кеше жариялағанымыздай, әуе рейстері 1 наурыздан бастап қысқарады. Қазақстан азаматтары шектеу қойылғанға дейін үйіне жетіп алғаны жөн. Шектеу қойылғаннан бастап рейстер қысқарады. Сол кезде келгісі келетіндерге рейстер қызмет көрсете алмайды. Оларға үшінші мемлекет арқылы, билетті басқа бағада сатып алуға тура келеді», - деді Айбек Смадияров.

Смадияровтың сөзінше, Оңтүстік Кореяда 35 мыңнан астам Қазақстан азаматы жүр екен. 

"Оңтүстік Кореяда 35 мың қазақстандық азамат жүр. Олардың 12 мыңы заңсыз шекара асып кетке. Сол жақтағы елшілікте небәрі 8484 адам тіркелген. Төтенше жағдай кезінде, қазақстандықтардың салғырттығының кесірінен біз олардың қайда жүргендерін де білмейміз", - дейді СІМ өкілі. 

Ол Кореяда жүрген қазақстандықтардың барлығын елшілікке баруларын сұрады. Бұл  жақта тіркеу үрдісі ұзаққа созылмайды әрі тегін көрінеді. Бұған қоса Смадияров  азаматтарды қабылдау үзіліссіз және демалыссыз жүзеге асырылып жатқандығы қосты. Сөзінше, Қазақстан мен Оңтүстік Корея шекарасы әлі жабылмайды екен.

«Біздің елшілік азаматтарға Оңтүстік Кореядағы коронавирус туралы хабардар ету бойынша бірқатар шаралар қабылдады. Жедел штаб құрылды, мессенджерде тәулік бойы байланыс телефоны жұмыс істейді және күн сайын азаматтарды консулдық есепке тіркеу жүргізіліп жатыр. Ауру жұқтырғандар мен көз жұмғандар саны өсуде, сол себепті барынша абай болу керек. Корея әзірге жабылмайды, эвакуация туралы айтуға әлі ерте. Жағдайды бақылауда ұстаймыз», - дейді ол.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бас санитар дәрігері қай елден келген азаматтар карантинге жабылатыны жайлы атап өткен еді. 


 

Талқылау