Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында пара алған жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі айыппұлмен құтылды

Маңғыстау облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі А. Ізбасар парамен ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Әлеуметтік желілерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің жемқорлықпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Ізбасарға қатысты үкім Ақтау қалалық сотында шығарылып, заңды күшіне енді”, – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері.


Жемқорлардың ақшасына мектеп салу: Прокуратура сыбайлас жемқорлықтан келген шығынның көлемін атады


Қазақстан әкімдіктеріндегі сыбайлас жемқорлық: Өңірлер бойынша рейтинг жасалды

Үкімге сәйкес, айыпталушыны арнайы атағынан айыра отырып, 15 миллион теңге көлемінде айыппұл салған. Экс-тергеуші енді мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

А. Ізбасарды Агенттіктің Жеке қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері әшкерелеген.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін Оралда парамен ұсталған экс-полицейге 7 мың теңге айыппұл салынған еді.

Талқылау