Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бастығы ұсталды

Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жедел басқармасы басшысының міндетін атқарушы ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде жемқорларлар туралы хабар айтсаңыз, сыйақы аласыз

"Өз қатарының тазалығын қамтамасыз ету саясатын іске асыру мақсатында, ағымдағы жылдың 20 наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің ішкі қауіпсіздік департаменті 3 басқарма уақытша бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілініп, қазіргі уақытта ұсталып, Қызылордадағы МТБ-ға орналастырылды", - делінген ақпаратта.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде атап өтілгендей, қылмыстық тергеу агенттік төрағасының жеке бақылауында. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
 

Талқылау