Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттің ардагерлері жылуға ақы төлемейтін болды

Шымкенттің ардагерлері жылуға ақы төлемейтін болды. Қала әкімдігі мен жылу беруші мекеме және қалалық ардагерлер кеңесі өзара осындай келісімге келіп, үшжақты меморандумға қол қойды.

Аталған меморандумға сәйкес, төлемнен соғыс ардагерлері, оған теңестірілгендер, ардагерлердің жұбайлары мен Ленинград қоршауында болғандар босатылады.

ОҚО Шымкент қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Бектұрсыновтың сөзінше, 96 ардагер жыл бойы жылуға төлемейтін болды. Әрі мұндай жеңілдіктер өткен жылы да болған еді.

Айта кетсек, «Қуатжылуорталық-3» МКК өткен жылы осындай жеңілдіктерді 119 ардагерге жасаған болатын. Биыл қарттардың қатары сиреп, 96-ны құрап отыр.

Оқи отырыңыз:

ШҚО тұрғыны 15 жыл бойы күйеуінің мәйітін бақшада жасырып келген

Ақтөбелік әйел түрмеге қайта түсу үшін бомба туралы жалған хабар берген

Алматыда әкесі өртеп жіберген қыз қайтыс болды

Бауыржан Байбек “Голос. Дети” байқауының жеңімпазы Данэлия Төлешовамен кездесті

Экс-депутаттың зорлығына ұшырадым деген ШҚО тұрғыны халықтан көмек сұрады (видео)

Талқылау