Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жоғалған 3 жасар баланың анасы табылды

Шымкентте үш жасар баланың ата-анасы табылды. Бүлдіршіннің анасы Әл-Фараби полиция бөліміне келіп, ұлын алып кеткен.

мальчик-350x197

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Еске салайық, 3 жасар баланы 25 шілде күні ер кісі тауып алған. Кешкі уақытта шамасында Тәуке хан даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысындағы полицияның тірек бекетіне ер кісі келіп, өзімен бірге ертіп келген баланы тәртіп сақшылары тапсырады. Айтуынша, қорқып тұрған баланы жақын маңнан көріпті.

Анасының айтуынша, осы ұлы мен ағасын аулада бірер минутқа қалдырып, өзі дүкенге кіріп кетіпті. Санаулы уақыттың өзі жеткілікті болса керек, бүлдіршін ағасынан қашып кетіпті. Содан кейін қайтар жолынан адасып қалған болуы әбден мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

Сафар Шәкеевті іздеу кезінде кездейсоқ табылған жігітті анасы іздеп келді

Талқылау