Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте уланып қалған нәресте: Сүт қоспасынан сынап табылған жоқ

Шымкентте нәрестенің балаларға арналған сүт қоспасынан уланып қалды деп күдіктелгеннен кейін, жасанды сүттің құрамы тексерілген еді. Тексеріс нәтижесі туралы еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Шымкентте уланып қалған нәресте: Сүт қоспасынан сынап табылған жоқ

Белгілі болғандай «Хумана» сүт қоспасы зертханалық тексерістен өтіп, оған қойылған шектеулер алынды.

«Біз «Хумана» сүт қоспасын тексердік. Жеткізушіден, қоспа сатып алынған дәріхана желісінен, үйдегі сүт қоспасынан үлгісін алдық. Металлдық сынап еш жерден табылмады. Сондықтан бүгін аталған өнімді сатуға және одан шектеулерді алып тастауға нұсқау берілді. біз «Хумана» сүт қоспасының тек бір партиясының сатылымын тоқтатқан едік. Бүгінгі таңда жасанды сүт мәселесі шешілді», – дейді Бекшин.

Сонымен қатар бас санитар дәрігер зертханалық зерттеудің мұқият жүргізілгенін айтты.

«Зертханалық зерттеу Шымкент қаласындағы зертханада жүргізілді. Оның халықаралық сертификаты бар», – дейді ол.

Еске сала кетсек, Шымкентте 2 айлық сәби құрамында сынап бар жасанды сүттен уланып қалған еді. Дәрігерлер уақытша ана сүтін емізуге тыйым салғандықтан екі айлық баласына жасанды сүт берген соң, сәбидің іші өтіп, қан құса бастаған. Дер кезінде ауруханаға жатқызылған баланың үлкен дәретінен сынаптың қалдықтары шыққан. Осылайша баланың ата-анасы сынапты жасанды сүттің қорабынан шыққан болар деп болжаған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау