Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент тұрғыны латын әліпбиіне көшудің оңай жолын ойлап тапты

Шымкенттік өнертапқыш Қуаныш Рысқұлов латын әліпбиіне көшу процесін оңайлататын әдісті ұсынды. Ол осы өнертабысы үшін 1 миллион теңгені олжалап та үлгерген.

89898

Бұл туралы NewTimes.kz хабарлайды.

«Хакатон» хакерлік марафонын Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі ұйымдастырған болатын. IT-мамандар арасындағы бәйге “Сандық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы мен елбасы жолдауы аясында жүзеге асып отыр.

8 жыл бойы ақпараттық технологиялар саласында еңбек етіп келе жатқан Қуаныш, бірқатар компьютерлік бағдарламаларды жасап, талай конкурсқа қатысқан. Бұл жолы да әділқазылар Қуаныш ұсынған жобаны өте дер уақытында жасалған және өзекті деп бағалаған.

Мамандардың айтуынша, жеңімпаздың бағдарламасы алдағы уақытта да жалғасын тауып, кириллицадағы қазақ әліпбиін латыншаға ауыстыру тұрғысынан үлкен көмегін тигізбек.

Оқи отырыңыз:

Астана маңында прокуратура қызметкерін атып, сосын өзіне қол салған азаматтың кім екені анықталды

Астанада 7 жасар қыз тоғызыншы қабаттан құлап кете жаздады

Астанада қымбат көлікті ұрлап кеткен бойжеткен жол апатына ұшырады

Шымкентте банктен 300 мың теңге алған әйелдің ақшасын тартып алып кетті

Талқылау