Шымкент көшесінен жаңа туған сәби табылды
Шымкентте медицина орталығының маңында көшеден жаңа туған қыз бала табылды.
Бұл туралы өңірлік TVK телеарнасы.
Сәбиді Гагарин көшесінің бойында орналасқан медицина орталығының дәрігерлері мен күзетшісі сенбі күні таңертең тапқан. Қыз банкомат пен қоқыс багы арасында қанның үстінде, ал жанында ұрық жолдасы жатқан. Сол арқылы сәбиді анасының көшеде босанып, кетіп қалғаны туралы болжам жасауға болады.
Жаңа туған сәби №2 облыстық перинатальдық орталықтың жан сақтау бөліміне жатқызылды. Ол ауыр хәлде. Бұл дерек бойынша полицияның ҚР ҚК-нің 119-бабы бойынша (Қауіпті жағдайда қалдыру) қылмыстық іс қозғағаны белгілі болды. Полиция қызметкерлері медицина орталығының бейне бақылау камераларының жазбаларын алған.
Талқылау