Шоу-бизнестегі тренд: Түсіпбаева сыңсу айтып, қыз ұзата бастады (видео)
Меруерт Түсіпбаева сыңсу айтып, қыз ұзататын әріптестерінің қатарына қосылды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бұған дейін әнші өзіне келгенде сыншыл адам екенін алға тартып, қыз ұзатуға лайық не лайық еместігін ойланып жүргенін айтқан болатын. Ұзақ уақыт бойы ойлана келе, Түсіпбаева “Ұзату әнін” композитор Сейфуллин Жолбарысқа, ал ән мәтінін өзінің ағасы Ержан Түсіпбаевқа жаздырыпты.
Атап өтетін жайт, Түсіпбаева қыз ұзату үшін арнайы дизайнерлік костюм тіктірткен.
“Ұзатылған қызды Маңғыстауда екі жеңгесі алып шығады, мен осы тойдың иелері 5 ай бұрын қолқа салған соң, көп ойланып-толғанып (үлкен жауапкершілік болған
соң), әнді ғана орындайын, тек әнші ретінде (жеңгелерінің жолын берсін дегенмiн де), ағам Ержан Тусіпбаевқа сөзін, Сейфуллин Жолбарысқа әнін жаздырып “Ұзату әні” осылай жарыққа шықты”, – деп жазды Түсіпбаева желідегі парақшасында.
Жіберіп алмаңыз:
2 тәулікке 102 мың теңге: Нұрлан Әлімжан Астана әуежайының автотұрақ бағасын сынады (видео)
Зәулім үйінің алдында беташар өткізген Гүлзира Айдарбекова елді тәнті етті (видео)
Той қонақтарымен билеп кеткен “Жігіттерлік” Ердос халықты разы етті (видео)
Тұрсын Алагөзов Қазақстанда Ыстық көлдегідей “ертегі әлемін” тұрғызуды армандап жүр