Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсын Алагөзов Қазақстанда Ыстық көлдегідей “ертегі әлемін” тұрғызуды армандап жүр

Баян Есентаевамен бірге Қырғызстанда жүрген кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов ондағы дамыған туризм саласы жайында сөз етті. Ол қырғыздардың Ыстық көлді “ертегі әлеміне” айналдырғанын тамсана айтып, өз елімізде де сондай демалыс орындарын құруға мүмкіндік көп екенін айтты.

16464150_213777779097253_5884464237606076416_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Көршілеріміз жарады. Ыстық көлде осындай кереметтей ертегі әлемін жасап шығарды. Қазақстанның ішкі туризмін дамыту үшін бізге де осындай жерлер соғу қажет. Бізде оған қажеттінің бәрі бар, солай емес пе? Кімде қандай ұсыныс бар, жаза отырыңыздар”, – деп өтініш айтты желідегі оқырмандарына Алагөзов.

иссык куль 3

Өз кезегінде желі оқырмандары қарапайым халықтың қолынан келмейтін іс екенін алға тартып, оған мүмкіндігі бар кәсіпкерге өтініштерін жеткізді. Желідегілер Қазақстанда табиғаты әсем жерлердің көп екенін растай отырып, Каспий, Бурабай, Қапшағай, Балқаш, Көлсай, Қайыңды көлдерін ұсынды.

иссык куль 1408

Ал Алагөзов туризмін дамытуға болатын мекендердің суретін жіберуді өтінді.

кол ыстык

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаеваның үйі өртеніп кете жаздады

Асхат Тарғынның қызымен бірге түсірген клипі тыңдарманын жылатты (видео)

Гүлзира Айдарбекова екінші рет келін түсірді (фото, видео)

Мұрат Әбенов Илья Ильиннің АҚШ-та немен айналысып жүргенін айтты

Талқылау