Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұрат Әбенов Илья Ильиннің АҚШ-та немен айналысып жүргенін айтты

Мәжілістің экс-депутаты Мұрат Әбенов зілтемірші Илья Ильиннің қазір немен айналысып жүргенін айтып берді. Ол спортшымен түскен суреттерін Facebook-те жариялады.

илья абенов

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Түнде біздің батырымыз Илья Ильинді кезіктіріп қалдық. Көріспегелі көп болды. Ол қазіргі таңда АҚШ-та оқып жүр, тіл үйренуде, одан бөлек, спорттық менеджментті меңгеру үстінде. Ал оқудан бос уақытта әртүрлі штаттарға барып, ауыр атлетиканы ұнататындарға шеберлік сағаттарын өткізіп жүр. Оған қарап, күш-қуат аламын. Әдеттегідей – қатаң тәртіп, барлығына үлгереді әрі не істесе де жан-тәнімен беріледі. Ештеңеге қарамастан әркез қарапайым әрі ашық жігіт болып қала береді. Біз бала күнінен білетін Илюха”, – деп жазды Әбенов.

Бұдан кейін экс-депутат 5 жыл бұрын 2012 жылы ел болып Ильяны Лондоннан қарсы алған күнді еске алды.

photo_223155

“Бұл бір триумф болды. Ал одан кейін аяқ астынан мына қиын жағдайға кезіктік. Жақын арада бұл проблема өз шешімін тауып, Илья қатарға қайта қосылады деп үміттенемін. Мен үшін, Илья сөзсіз қаҺарман. Ол дәл қажет кезде бар күш-жігерін бір арнаға жұмылдырып, өз-өзін көрсете алады. Оны ел қалаған жеңіске жету үшін жасайды. Ал басына күн туғанда, үндеместен соққыларды қабылдап, оны өз бетімен шешеді. Соңғы 15 жылда оның кем дегенде үш рет көкке өрлегені, сондай-ақ, тағдырдың ауыр соққыларына шыдағаны есімде. Бірақ ол құлаған жоқ, қайта тұрды. Тіпті, жалпыхалықтық мадақ ұмытылып, жала жабылған кезде де ол мойыған жоқ. Ал аз уақыттан кейін ол ақырындап қайта тұрды, мықты әрі данагөй бола түсті”, – деп атап өтті Әбенов.

ecd1ad11f6018169ebb7ee601d153517

“Шағымданбайды, ештеңе сұрамайды, еңсесін түсірмейді. Керісінде елдің бәріне үміт пен сенімді өзі ұялатады. Сол үшін де ел оны жақсы көреді. Кеше әуежайда да, мейрамханадағы кешкі аста да, тіпті Астана көшелерінде де –  ол ел назары мен ықыласында болды. Ал ол оңайшылықпен келмейді. Күш-қуат пен кемеңгерлік тілеймін саған, Илья!” – деп түйіндеді сөзін Мұрат Әбенов.

Айта кетейік, өткен жылдың 23 қарашасында Халықаралық олимпиада комитеті ресми түрде зілтеміршіден қос олимпиада алтынын алып қойды.

 

Жіберіп алмаңыз:

Нұлсұлтан Назарбаев: Илья мен үшін әрқашан чемпион

ҰБТ дауы: Талапкер сөзінде тұрмаған министр Сағадиевке үндеу жолдады (видео)

Қазақтың соңғы ханының қайда жерленгенін білесіз бе?

Білім министрі ата-аналардың шағымынан соң оқу гранттары қайта қаралатынын мәлімдеді

Талқылау