Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақтың соңғы ханының қайда жерленгенін білесіз бе?

Ұзақ уақыттан бері ел қазақтың соңғы ханы Уәли бұрынғы Көкшетау облысына қарасты Сырымбет мекенінде жерленген деп санап келді. Алайда кейіннен кездейсоқ табылған табыс мұны жоққа шығарды.

e3b92a27f15b45c54073620312f259d7

Бұл туралы Экспресс-К хабарлайды.

Абылай ханның үлкен ұлы Уәли 1738 жылы дүниеге келіп, жастайынан арғындардың жасақтарын басқарған. Әкесінің тапсырмасымен бірнеше рет Қытайдағы қазақ елшілігіне жетекшілік етті. Ал Абылай хан көз жұмған соң оның орнын басты. Ал ел бұған дейін Уәли хан мен оның жұбайы Айғаным 1820 жылы Сырымбет мекенінде жерленген деп келді. Алайда Кеңес заманында тұрғындар Зеренді ауданына қарасты Қазақстан ауылына жақын маңнан шағатай тіліндегі жазуы бар қабір басына орнатылған тасты тауып алды.

«Жазуды аударғаннан кейін мұнда Орта жүздің соңғы ханы Уәлидің жерленгені белгілі болды», –  дейді Ақмола тарихи-мәдени ошақтарды қорғау және пайдалану жөніндегі орталығының директоры Қуаныш Шақшақов.

2008 жылы Қазақстан ауылында Уәли ханға арналып ескерткіш орнатылған.

 

Талқылау