Нұлсұлтан Назарбаев: Илья мен үшін әрқашан чемпион

Жексенбі, 13 Тамыз , 2017 22:01

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бар атағы мен медальдарынан айырылған зілтемірші Илья Ильинге кезекті рет қолдау білдірді. Ол Астанадағы этно-ауылды аралау барысында спортшымен тілдесті.

назарбаев илья 1308

Бұл туралы Ақорданың Instagram-дағы парақшасынан белгілі болды.

«Өзіне де айтқанмын, мен үшін Илья әркез чемпион болып қала бермек», – дейді Назарбаев Ақорда парақшасында пайда болған видеода.

Айта кетейік, былтырғы жылы допинг дауынан кейін қазақстандық спортшының Пекин-2008 және Лондон-2012 Олимпиадаларында жеткен жетістіктері жоққа шығарылды. Соның салдарынан Ильин Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадаға қатысу құқығынан айырылды.

Ал 2016 жылдың қарашасында Халықаралық олимпиада комитеті Ильяні екі алтын медалінан айырды.

Ал бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың спортшыға алғаш рет қолдау көрсетуі емес. 2009 жылы зілтеміршінің спорт министрлігіндегі шенеуніктермен арасында кикілжің туғанда, Ильин әлем чемпионатына қатыспау туралы шешім шығарды. Ал Назарбаев спортшыға қолдау білдіріп, оны функционерлер шабуылынан құтқарып қалған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстан шекарасына басып кірмек болған 15 адамға әскерилер оқ жаудырды

ҰБТ дауы: Талапкер сөзінде тұрмаған министр Сағадиевке үндеу жолдады (видео)

Гүлзира Айдарбекова екінші рет келін түсірді (фото, видео)

Әлемдегі ең үлкен қазақ киіз үйі әуе шарымен аспанға көтерілді (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар