Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан шекарасына басып кірмек болған 15 адамға әскерилер оқ жаудырды

Қазақстан-Қырғызстан шекарасында 15 адамнан тұратын белгісіз топ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қиып өтпек болды.

20170813151851

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

12 тамыз күні шамамен 20.00-де ҚР ҰҚК ШҚ «Оңтүстік» өңірлік басқармасының Тараз шекара отряды «Жасөркен» шекара бекеті жасақтарының мемлекеттік шекараны күзету және қорғау қызметін атқаруы кезінде Қазақстан шекарасын белгісіз азаматтар заңсыз кесіп өтпек болды. Олар мемлекеттік шекараның спиральды белдеуінен жол жасап, құқық бұзған. Ол аздай, шекарашылардың заңға бағыну туралы ескертуіне құлақ аспаған. Сондай-ақ, мемлекет тыныштығын күзетушілерге қарсы түрлі құралдар пайдаланып, қарсы күш жұмсаған.

Құқық бұзушылар шекарашылардың ескертуіне бағынбаған соң, әскерилер аспанға оқ атуға мәжбүр болды. Алайда шекараны кесіп өтпек болғандар сонда да бағынбады. Сондықтан әскерилер оларға оқ атты.

 

Ақырында тәртіп бұзушылардың бірі жарақат алып, қалғандары жаралы жолдастарын ертіп, шекараға жақын елді мекендердің бірінде бой тасалады. Біраз уақыттан кейін жарақат алған тәртіп бұзушының көз жұмғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта шабуыл жасаушылардың тұлғасын анықтау бойынша іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Вагон ішінде Төреғалидің әніне билеген жолсерік елдің көңілін көтерді (видео)

ҰБТ дауы: Талапкер сөзінде тұрмаған министр Сағадиевке үндеу жолдады (видео)

Қазақтың соңғы ханының қайда жерленгенін білесіз бе?

Шымкенттік келін енесінен кек алу үшін өз үйін тонап, полицияға ұрылардан зәбір көргенін айтқан

Талқылау