ҰБТ дауы: Талапкер сөзінде тұрмаған министр Сағадиевке үндеу жолдады (видео)

Жексенбі, 13 Тамыз , 2017 15:08

Астана мектебін бітірген талапкер Қазақстанның білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке назын айтты. Ол мемлекеттік оқу гранттарының әділетсіз бөлінгеніне шағымданған.

Талапкердің министрге жолдауын қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан Facebook-тегі парақшасында жариялады.

“Менің аты-жөнім Маликова Әйгерім, мен №17 мектеп-гимназиясының түлегімін. Мектепті үздік аттестатпен бітірдім. Оқуға түскендермен салыстырғанда қазір мына жерге жиналған талапкерлердің ұпайлары жоғары. Біз тізімді қарап шықтық, олардың көпшілігі «Алтын белгі» иегерлері. Алайда бұған дейін білім министрі Сағадиев «алтын белгілер» мен республикалық және халықаралық олимпиада жүлдегерлеріне ешқандай жеңілдіктің қарастырылмайтынын айтқан еді. Ендеше неге олар өз сөздеріне жауап бермейді», – дейді бойжеткен.

Мектеп түлегінің пікірінше, білім алып, еңбек етіп, Қазақстанды дамытуға барлық талапкерге бірдей мүмкіндік берілуі қажет.

Айта кетейік, биылғы грант иегерлерінің тізімі қоғамда дау тудырды. Өткен жұмада, білім министрлігіндегілер, тіпті, бұл жайтқа қатысты түсініктеме беріп , ел алдына шықты. Ал білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бойынша департаментінің директоры Гүлзат Кобенованың айтуынша, әр мамандықта белгіленген ұпай саны әртүрлі.

“Әрине, әр талапкер мен ата-ананың гранттан үмітті екенін түсінеміз. Биыл министрлік бакалавриатқа бөлінетін грант санын 6 мыңға көбеюіне үлес қосты. Алайда таңдау жасаған кезде әр мамандыққа бөлінген грант саны әртүрлі екенін ескерген жөн», – деді Кобенова.

Министрлік өкілі талапкерлердің басым бөлігінің заң және экономикалық мамандықтарға таңдау жасайтынын алға тартып, аталған сала мамандарына гранттың аз бөлінетінін мәлімдеді.

Бұдан өзге, оқуға тапсырушылар ауыл квотасы мен өзге де жеңілдіктер қарастырылған талапкерлер тобын есепке алулары керек.

Жіберіп алмаңыз:

Білім министрі ата-аналардың шағымынан соң оқу гранттары қайта қаралатынын мәлімдеді

Астанада грантқа іліге алмаған түлектер Білім министрлігіне басып кірмек болды

Шымкенттік келін енесінен кек алу үшін өз үйін тонап, полицияға ұрылардан зәбір көргенін айтқан

Ақтөбе бала-бақшасында дау туды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар