Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе бала-бақшасында дау туды

Ақтөбеде «Құлыным» бала-бақшасында дау туды. Заречный ауылдық округындағы «Магаджан» тұрғын-үй массивінде орналасқан бала-бақшадағы дау ата-аналарға тәрбиешілерден келген суреттерден кейін туған. Фотолардан бүлдіршіндердің еденде ұйықтайтынын көруге болады.

2978997

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Соның салдарынан балалар әртүрлі тері ауруларына шалдығып, бүргенің талауына жиі ұшырайды екен. Тамақты да жарытып бермейтін көрінеді.Ата-аналар балалар мекемесінің басшысын ауыстыруды талап етір отыр.

“Бір жылдың ішінде балалар ауласы тұрғызылады деп уәде берген еді. Алайда кеше бізге балалардың еденде ұйықтап жатқан суреттері келді. Аналар балаларын әртүрлі жәндіктердің шағып алғанын айтып шағымданып жүрген. Содан ауырып жүр, тамақтары да мардымсыз. Сорпаның ішінде ұсақ сүйектер кездеседі. Балалардың аш қалуы да жиі қайталанады. Меңгеруші жоқ, тазалаушы да жоқ. Жалпы онда кімдердің жұмыс істейтіні түсініксіз, барлығы туған-туысқандар. Мейірбикенің өзі күнара келіп тұрады. Менің балам анда-санда ішек инфекциясы ауруларымен ауырады. Бір апта бала-бақшаға келсе, бір апта ауырады. Ал мұнда оған ешкім қарамайды», – дейді ата-ананың бірі Әйкерім Шағанбаева.

Тағы бір ата-ана Елена Саванявичустың айтуынша, бір жыл бұрын мекеме жұмысын бастаған кезде оның аймағында, тіпті, балалар ауласы болмаған. Айтуынша, әткеншектер мен құмсалғышты қоршағыштар жақында ғана орнатылыпты.

“Құлыным” — мемлекеттік тапсырысты орындаушы жеке-меншік бала-бақша. Алайда ата-аналардың айтуынша, ондағы жағдай қарапайым талаптарға да сай келмейді. Ал балалар ордасы әр ата-анадан айына 10 мың теңгеден алып отырады екен.

2979066

“Мұнда барлығы меңгерушінің туыстары. Бала-бақша иесі көршілес үйде тұрады. Бірер күн бұрын жетекшіге жолығып, басшының қайда екенін сұрадым. Ал ол мұнда ешкімнің жұмыс істегісі келмейтінін айтты. Қаладан қатынау ұзақ екен. Біз бала-бақша қызметкерлерін ауыстыруды талап етеміз. Тек тәрбиешілерді қалдырсын. Олар балаларға жақсы қарайды. Алайда директордың туысқандарын орындарынан алып, басқа меңгеруші қоюын талап етеміз», – дейді Елена Саванявичус.

Бала-бақшада өткен кезекті жиналыс кезінде ата-аналар мекемеге басып кіріп, ағыл-тегіл жылап отырған тәрбиешілердің үстінен түскен. Ал болған оқиғаны камераға түсіріп тұрған әйелдердің біріне белгісіз ер адам шабуыл жасаған. Ол өзін мекеме заңгерімін деп таныстырыпты.

Видеодан бір тәрбиешінің талықсыған күйде болғанын байқауға болады. Ата-аналардың сөзіне қарағанда, оған көмекке жүгірген әйелдер бірден жедел-жәрдем мен полиция шақыртқан. Алайда ата-аналар ішке кірмек болған уақытта тәрбиеші болып жатқан жайтты сол күйі түсіндіре алмады.

Ал қалалық білім бөліміндегілер аталған жайдан бейхабар.

“Біз «Құлыным»  бала-бақшасына қатысты жағдайды білеміз. Мекеме 100 орындық бала-бақшаға мемлекеттік тапсырысты 2016 жылдың қазанында алған. Ата-аналар біздің жетекшіміздің қабылдауында болды. Бұл мәселе міндетті түрде шешілетін болады. Жағдайды бақылауға аламыз. Құзыретті органдармен бірге арнайы комиссия құрып, іске кірісеміз», – деп уәде берді Ақтөбе қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Гүлжанат Сисенбаева.

Ал мазасы қашқан ата-аналар мен тәрбиешілер полицияға арыз түсірді.

Жіберіп алмаңыз:

1 жасар қызды қағып өлтірген Балқаш тұрғыны жазадан сытылып кетті

Білім министрі ата-аналардың шағымынан соң оқу гранттары қайта қаралатынын мәлімдеді

Жетісайдан Астанаға жеткізілген 35 мың тонна қарбыз ішінен улы құрт шықты (видео)

Бір тәулікке 34 мың теңге: Серік Сәпиев Астана әуежайының автотұрақ бағасын сынға алды

Талқылау