Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1 жасар қызды қағып өлтірген Балқаш тұрғыны жазадан сытылып кетті

“Тойота” автокөлігімен 1 жас 9 айлық бүлдіршінді қағып өлтірген Балқаш тұрғыны адам өліміне кінәлі деп танылды. Алайда ол жазадан сытылып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

20170812233020

Оқиға көпқабатты тұрғын-үйдің маңында болған еді. Екі баласы бар жұбайлар “Тойотаға” отырып, ауладан шықпақшы болған-ды. Үй иесі артқа қадам жасайды. Айнадан бүлдіршінді көрмеген-ді. Жүргізуші оны қағып, өлтіріп қойды. Кішкентай қыздың мойын омыртқасы мен бассүйек негізі сынып кетті, дәрігерлер оған еш көмек бере алмады. Кейіннен полицейлер бүлдіршіннің жас әпкесімен бірге серуендеп жүргенін, ал оның өзге балалармен ойнап, сіңлісіне қарауды ұмытып кеткенін анықтады.

Автокөлік иесі жол ережесін бұзып, абайсызда адам өлтіріп алғаны үшін кінәлі деп танылды. Ал сотталушы мұндай жастағы баланың аулада жалғыз жүрмеуі керектігін және қызды қағып кеткен аймақтың балалар ауласына жатпайтынын алға тартып, өз кінәсін мойындамады.

“Сот айыпталушыны кінәлі деп тауып, оны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Алайда “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай кеңшілік” жасау туралы заңның 2 бабының 1 тармақшасына сәйкес сот айыпталушыны аталған жазадан босатты”, – деп жария етті судья Мұрат Жақыпбеков.

Бұдан өзге, сот айыпталушыға 3 жылға дейін көлік рөліне отыруға тыйым салған. Алайда қыздың әкесі жазамен келіспейді. Айтуынша, жолға зер салып қарамаған жүргізушіге берілер жаза ауыр болуы тиіс.

“Жүргізуші тұрғын-үй аймағында қозғалыс жасап жатқандықтан, өте сақ болуы қажет еді. Ол жүргізген аймақтың жанында балалар алаңы болды. Тіпті, бұл туралы жол жүру ережесінде айтылған”, – дейді қыздың әкесі Дастан Анықпаев.

Жіберіп алмаңыз:

Бір күнде үйленген егіздер балаларының тұсаукесерін дүркіретіп өткізді (фото)

Ерке Есмахан футбол стадионында жалаңаяқ жүгіріп жүріп ән айтты (видео)

Құрамында спирті бар дәрі-дәрмекті қолданудың шариғаттағы үкімі қандай?

Қарағандыда 4 жасар қыз түрлі жарақаттарымен ауруханаға түсті

Талқылау