Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО ТЖД құтқарушылары орман аймағында ауқымды өрт-тактикалық жаттығу  өткізді

Аңыз бойынша, Ұлан ауданының "Асубұлақ орман шаруашылығы" КММ Орталық орманшылығының аумағында Қазавиаақорғаудың "Ми-2" тікұшағымен  жағдайға  мониторинг жүргізу кезінде түтін нүктесі анықталды.  

Оқиға орнына бірінші болып орманшылар келген кезде жоғарғы өртті көрді. Отпен теке-тірес күреске жеке құрамның 96 адамы және 22 бірлік техника кіріседі. 

Желдің қатты соққан екпіні өртті найзағайдың жылдамдығындай әп-сәтте үлкен аумаққа таратты. ШҚО ТЖД "Өрт сөндіру қызметінің", жергілікті атқарушы органдардың, орманшылықтардың, Ұлттық Ұланның күштері мен құралдары қосымша көмекке келеді. Олар 4 жауынгерлік учаскеде отпен шайқасқа түсті. 

Өрт жақын жерде орналасқан демалыс лагеріне жақындай түсті. Азаматтық қорғау қызметтерінің күшімен азаматтарды уақытша орналастыру пунктіне жеткізу үшін балалар мен лагерь қызметкерлерін эвакуациялау ұйымдастырылды.

Ұлан ауданының әкімі жергілікті ауқымдағы ТЖ жариялайды. 

Сонымен қатар, орман аймағында өрт  орнынан өздігінен кете алмайтын және медициналық көмекке мұқтаж 5 турист қалғаны туралы ақпарат келді. Оларға жедел-құтқару жасағының қызметкерлері мен Ұлттық Ұланның жауынгерлері көмекке келеді. ШҚО ТЖД психологтары мен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері оларға қажетті көмек көрсетті.  

Оқу-жаттығуға Шығыс қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов басшылық етті. Жаттығу барысында өртті сөндіруге қатысушыларды тамақтандыру, ЖЖМ тасымалдауды ұйымдастыра отырып, өртті сөндіруге қатысушыларға арналған лагерь ашылды.

"Біз орман аумағында  ауқымды өрт-тактикалық жаттығу өткіздік.   Өрт ошағында 68 бірлік техника және жеке құрамның 280-ден астам адамы жұмыс істеді. Отпен күрес бірден 4 учаскеде жүргізілді. Бұл ретте өрт сөндіру цистерналары,  аспалы өрт сөндіргіштер қолданылды, отты қаққыштармен сабалап, топырақ төкті. Су көздері жоқ, жетуі қиын жерлерде, қатты соққан жел мен үнемі күрделене түскен жағдайды ескере отырып,  басрылқ күштер мен құралдар алға қойылған міндетті орындады. Бірлескен қимылдың арқасында 63 га аумақтағы өрт сөндірілді" деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Бахаев. 

Аталмыш жаттығулар өңірдегі шамамен 3,6 млн гектарды алып жатқан орман алқабындағы жануларға ден қою, барлық азаматтық қорғау қызметтерінің іс-қимылдарының үйлесімділігін пысықтау  мақсатында өткізіледі. 

Талқылау