ШҚО тұрғындарына жаңа жылды мейрамханаларда өткізуге рұқсат етілді
ШҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы облыс тұрғындарына жаңа жылды мейрамханалар мен кафелерде қарсы алуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
21 желтоқсанда күшіне енетін ШҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушының жаңа қаулысы бойынша жаңа жылдық түнде қоғамдық тамақтану объектілеріне жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Алайда бірқатар шектеулер әлі де сақталуда.
"2020 жылғы 31 желтоқсаннан 2021 жылғы 1 қаңтарға қараған түні қоғамдық тамақтандыру объектілеріне отырғызу орындары санының 50 пайызынан аспайтын, көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және бір үстелде төрт-алты адамнан аспайтын, жаппай жаңа жылдық ұжымдық (корпоративтік) іс-шаралар, конкурстар (интерактивті іс-шаралардан басқа) және билерді (үстелінен шықпай) өткізбестен, 07.00-ден 04.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілсін", - делінген құжатта.
Сонымен қатар, 2021 жылғы 2 қаңтардан бастап қоғамдық тамақтану объектілері бұрын белгіленген режим бойынша жұмыс істейді, яғни 07.00-ден 24.00-ге дейін, ал 3 қаңтарда мүлдем жұмыс істемейді.
Сондай-ақ, жаңа қаулыға сәйкес, ШҚО-да жаппай ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, жаппай отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге, ойын-сауық агенттіктерінің және үйге шығумен жаңа жылдық ойын-сауық қызметтерін көрсететін басқа да ұйымдардың қызметтеріне тыйым салу сақталады.
Алайда, кинотеатрларды қайта бастауға рұқсат етіледі.
"Санитарлық ережелер мен күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау, термометрия, бетперде кию, әлеуметтік қашықтық, белгі қою және тиісті дайындық актілерін алу, бұрын жұмысын қайта бастаған театрлар мен кинотеатрлар үшін қолданыстағы жұмыс режимін сақтау", - делінген құжатта.
Бұл ретте шахмат отырғызу кезінде объектілердің толтырылуы 30 пайыздан аспауы, бірақ залда 100 адамнан аспауы тиіс.
Сондай-ақ, өңірде Өскеменнен шығуға және оған кіруге шектеу сақталуда.
Еске салсақ, ШҚО аумағындағы шектеу шаралары 2021 жылғы 4 қаңтарға дейін ұзартылады.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
