Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО тұрғындары полиция қызметкерін қысым көрсетті деп айыптады

ШҚО тұрғындары полиция қызметкерінің өздеріне қысым көрсеткенін айтып шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ШҚО полиция департаменті желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді. Видеода ер адам балағат сөздер айтып, агрессия көрсетеді. 

"Біз қыздармен мейрамханада отырғанбыз. Курачатов қаласының полицейі Дархан жанымызға келіп, бізге қырыңдай бастады. "Бізге жақындама" дегенімізге қарамастан, ол өзін әдепсіз ұстады. Егер бізге көмек көрсеткен ер адам болмаса, оқиғаның соңы немен аяқталатыны белгісіз", - делінген видеода. 

Полиция департаменті оқиғаны түсіндірді. 

"Бұл факт бойынша ШҚО ішкі қауіпсіздік басқармасы дереу қызметтік тексеріс жүргізді, қызметкердің кінәсі анықталды. Бұл факт тәртіптік комиссияда қаралды", - деп хабарлады ШҚО полиция  департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент Шығыс Қазақстан облысы бойынша ПД бастығының 26 ​​наурыздағы бұйрығымен қызметкер ішкі істер органдарынан мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін құқық бұзушылық жасағандығы үшін қызметінен босатылғанын түсіндірді.

Сонымен бірге бөлімнің тікелей басшылары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

STAN.KZ
Сенбі, 27 Наурыз, 2021 16:29
Талқылау