Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО тұрғыны 15 жыл бойы күйеуінің мәйітін бақшада жасырып келген

ШҚО-да күйеуін өлтіріп, мәйітін 15 жыл бойы бақшада сақтап келген 61 жастағы әйелдің ісіне қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz басылымына сілтеп Stan.kz.

Қайғылы оқиға Риддер қаласы тұрғындарының отбасында 2001 жылы орын алған. Ольга жез келсаппен грек жаңғағын шағып отырған. Ол күйеуі Игорь және кәмелет жасқа толмаған ұлы үшін салат әзірлемек болыпты.

Игорь әйелі мен өгей ұлын үнемі ұрып келген. Олар ел алдында тату отбасы болып көрінгенімен, күйеуі жұрт көзінен тасада дау шығарып, отбасының берекесін алатын болған. Ал Ольга онкологиялық диспансерде жатқан кезде Игорь өгей ұлын ұрып-соққан. Мұнан кейін ұлы үйден қашып кетіп, анасы қайтып келгенше әжесінің қолында болыпты.

Ольга күйеуімен ажырасуды ойлаған. Бірақ Игорь: «Сені және ұлыңды өлтірмейінше, үйден кетпеймін», – деп жауап берген екен.

Қайғылы оқиға орын алған күні Игорь тағы да ұрыс шығарып, әйелін құлағынан ұрып жіберген. Ольга күйеуінің қолынан жез келсаппен ұрған. Мұнан кейін ашуға булыққан ер адам әйелін ұрып-соға бастаған. Өз кезегінде Ольга келсаппен қорғанған. Ол қолындағы келсапты күйеуіне сілтеп қалғанда, ол құлап түсіпті. Осыны пайдаланған Ольга бөлмесіне қашып кіріп, жылай бастаған. Әйел күйеуі келіп, одан сайын ұрады деп күткен. Бірақ күйеуі үн-түнсіз қалған.

Бөлмеден қайта шыққан Ольга күйеуінің жерде қансырап жатқанын көрген.

Ольга күйеуінің қайтыс болғанын ұққан. Өзі тұтқындалған жағдайда, ұлының болашағы не боларын ойлаған әйел күйеуінің мәйітін аулаға сүйреп шығарып, бақшаға көміп тастапты.

Ольга 15 жыл бойы қорқынышпен өмір сүріп келіпті. Әйел хабар-ошарсыз жоғалып кетті деген күйеуінің өлімі үшін тұтқындалудан қорыққан. Алайда полиция Ольгаға хабарласып, күйеуінің бұрын өзіне көлік сатқан ер адамды өлтіргені жөнінде айғақ табылғанын айтқан.

Бұл қылмысқа қатысы болмағанымен, Ольга үнсіз қалмауды ұйғарыпты. Ол полицияға бәрін мойындап, күйеуі жерленген орынды көрсетті. Тіпті жез келсап пен үккішті дәлел ретінде көрсеткен. Оларды әйел осы күнге дейін сақтап келген екен.

«Сот айыпталушыны аталған қылмысқа байланысты кінәлі деп мойындады. Және қылмыс мерзімі өтіп кеткендіктен, жауапкершіліктен босатады. Сот жалпы соммасы 1 миллион теңгеден асатын процессуалдық шығынды мемлекет есебіне өткізу туралы қаулы қабылдады», – дейді ШҚО қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сот төрағасы Людмила Побияха.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбелік әйел түрмеге қайта түсу үшін бомба туралы жалған хабар берген

Алматыда әкесі өртеп жіберген қыз қайтыс болды

Бауыржан Байбек “Голос. Дети” байқауының жеңімпазы Данэлия Төлешовамен кездесті

Экс-депутаттың зорлығына ұшырадым деген ШҚО тұрғыны халықтан көмек сұрады (видео)

Петропавлда қақаған аязда далада қаңғып жүргендер аяқ-қолдарынан айырылған

Талқылау