ШҚО-да оқушы баспалдақтан құлап, комаға түсті
Дәрігерлер ШҚО Зырянов ауданындағы мектепте баспалдақтан құлаған баланың жағдайы туралы айтты,- деп хабарлайды «Қазақпарат».
«Тоғыз жастағы мектеп оқушысының жағдайы тұрақталды, бала комадан шықты, сұрақтарды түсініп, аяқ-қолының саусақтарын қозғалта алады,-деді аурухананың бас дәрігері Владимир Коробкин.
Еске салайық, Зыряновтағы № 1 мектептің бастауыш сыныбында білім алып жатқан үшінші сынып оқушысы сабақ аяқталғаннан кейін баспалдақпен түсіп бара жатып, бірінші және екінші қабаттың аралығынан құлап кеткен.
Оған балалар, ұлын алып кетуге келген әкесі мен мектеп медбикесі жүгіріп келіп, жедел жәрдем шақырған. Бала есін біліп, жылаған, кейін комаға түскен. Бас дәрігер Владимир Коробкиннің айтуынша, мектеп оқушысын ауруханаға екі күн бұрын жатқызылды.
«Бала 2-ші дәрежелі комада болған. Оның жағдайы тұрақты болмағандықтан, облыстық ана мен бала орталығына шұғыл жеткізу мүмкін болмады. Сондықтан Өскеменнен арнайы білікті маман шақыртылды», – деп түсіндірді ол.
Владимир Коробкин баланың құлап жатып, желкесін ұрып алғанын мәлімдеді. Зырянов аудандық білім бөлімінің хабарлауынша, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.
Оқи отырыңыз:
Зарина Омарова кезінде хит болған “Жан гүлім” әніне жаңа клип түсірді (видео)
Бағым Мұхитденова “КешYou” тобының жүлдесіз қалғанына ренжіп қалды
Үйленуге тура келді: Алагөзов продюсермен тойы туралы айтып берді
Ашық-шашық киінген Жолдыбаева Мақпал Жүнісованың қаһарына ұшырады (фото)