ШҚО-да еден жуушы әйел аудан әкімі болып тағайындалды
Тамара Рахымжанова өзінің еңбек қызметін 2001 жылы кәсіпорындардың бірінде өндірістік үй-жайларды тазалаушы болып бастаған. Қазір Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданының жаңа әкімі болды.
Бұл туралы YK-news.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тамара Рахымжанова 1978 жылы Өскеменде дүниеге келген. 2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясын персоналды басқару мамандығы бойынша бітірді.
2014-2016 жылдары «Өскемен-тазалық» ЖШС директоры, 2016-2019 жылдары - «Өскемен-тәртіп» КГП директоры болып жұмыс істеді.
2018 жылы Қазақстан инновациялық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
2019 жылдың ақпанында әйел Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады