Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да адам қағып өлтірген полиция басшысының әйелі рақымшылыққа ілігетін болды

Екі жыл мерзімге сотталған аймақтық әкімшілік полиция бөлімінің бұрынғы басшысының әйелі Ботагөз Бақытжанова амнистия бойынша бостандыққа шығады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20161223131149

Еске салсақ, өткен жылдың желтоқсан айында ол қылмыстық полицияның офицері Мирхат Отчегановты қағып кетіп өлтірген еді.

“Алкогольді мас күйінде адам қағып кетіп, оқиға орнынан кетіп қалған 26 жастағы әйел барлық құжаттары дайын болғаннан кейін амнистия бойынша бостандыққа шығады. Бұл шамамен 2-3 айлық уақытқа созылады. Қайтыс болғандардың туыстары айыпталушы үшін жазаны қатаңдатуды бірнеше рет сұраған. Бірақ, бұл есепке алынбайды”, – деді прокуратура.

Ал ірі жол апаты нәтижесінде төрт адамның өліміне себепкер болған ШҚО ІІД басшысы орынбасарының ағасы Дидарбек Аяғанов рақымшылыққа ілінбейтін болды. Ол 7 жылдық жазасын өтеуді жалғастырады.

Ал аймақтың құқық қорғау органдарының хабарлауынша, қылмыстық істері сотқа дейінгі кезеңде тұрған айыпталушылар да рақымшылыққа ілінеді.

Бұған дейін полицейдің әйелінің жасаған қылмысы кесірінен қызметінен кеткені хабарланған болатын. Сәйкесінше, 2016 жылдың қазан айында Ботагөз Бақыжанованың мерзімінен бұрын бостандықа шыққаны да хабарланған.

Оқи отырыңыз:

Павлодар соты 5 жасар Айлинді ұрып-соғу ісіне қатысты шешім шығарды

WhatsApp-та енді жіберілген хабарламаны қайтарып алуға болады

Қарағанды тұрғыны киімдерін аямай бүлдірген химиялық тазалау орталығындағы сұмдықты жариялады

Талқылау