ШҚО-да лауазымды полицей әйелінің жантүршігерлік қылмысы үшін қызметінен кетті
Шығыс Қазақстан облысы әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жанболат Бағыжанов әйелі жасаған жол апатынан кейін өз еркімен қызметінен кетті.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
Ал қайғылы оқиға өткен айдың 26-сынан 27-сіне қараған түні болған. Ұжымның жаңажылдық кешінен қайтып келе жатқан Ботагөз Бағыжанова Күленов ауылының маңында джипімен Криминалдық полиция басқармасының қызметкері Мирхат Отшығаровты қағып өлтіріпті. Облыстың бас жол полицейінің жұбайы оған көмек бермек түгілі, алды-артына қарамай із суытқан. Тізгінде отырған 25 жасар келіншектің тіпті ішімдік ішкені де анықталып отыр. Ал қашқан көлік ішінде марқұмның азаматтық некедегі әйелі де болған екен. Бағыжанованың өзі көпке ұзамай қолға түскенімен, қолхатпен бостандыққа жіберіліпті.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады
