Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
ШҚО-да үйіндіден адамның бас сүйегі мен омыртқасы табылды (фото)
Шығыс Қазақстан облысында үйіндіден адамның сүйектері табылды. Экологоиялық қауіпсіздік орталығының қызметкерлері үйіндіден адамның бас сүйегі мен омыртқасының бөлігін байқаған.
Бұл туралы Altaynews басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Біз жыл сайын осы рұқсатсыз төгілген үйіндіге келеп, тексереміз. Мұнда құрылыс қоқысы болатын. Биыл жоспарлы тексеріске келгенбіз», – дейді орталықтың баспасөз қызметінің басшысы Елена Полянцева.
Орталықтың маманы Анатолий Филипповтың пікіріншен, үйіндіден табылған бас сүйек инфекция таратуы мүмкін екен.
«Біздің болжамымызша, белгісіз бір ұйым жер қазған. Сол қазылған жерде адам жерленген болар. Қылмыстық оқиға ма әлде жоқ па, оны айта алмаймыз», – дейді Филиппов.
Ал облыстық ІІД қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізу үшін, үйіндіні қоршауға алды.
Талқылау

"Мүгедектер мен аурулар саны артып келеді": Бір аптадан бері түтінге тұншығып отырған атыраулықтар дабыл қақты
Адамдар жүйке жүйесіне әсер ететін улы зат – күкіртсутекпен уланып жатыр

Қазақстандықтар Гуанчжоуда қайдан тамақтана алады: Қытай асханасына шолу
Қытайда жүріп, қытай асханасынан тамақтана алмасаңыз, ливан не түрік асханасына барсаңыз болады немесе фастфудқа тапсырыс беріңіз