Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шіріп, ауру таратады": Ақтауда қала сыртындағы шұңқырға он шақты иттің өлексесін тастаған

Ақтаудың зооқорғаушылары қала сыртындағы шұңқырдан ондаған иттің өлексесін тапты. Олардың ойынша, бұл – екі күн бұрын Мұнайлы ауданында атылған иттер, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

иттер

Белсенділердің пікірінше, зарарсыздандыруға бөлінген ақшалар өзгелердің қалтасына кетіп жатыр.

"Зарарсыздандыруға бөлінген ақша мақсатына сай пайдаланылмай, шенеуніктердің қалтасына түседі деп санаймын. Ешқандай шара жасалмайды. Тек адамдардың құлағына үнемі "кеспе іліп қояды", – дейді зооқорғаушы Татьяна Ткач.

Үй жануарларын қорғаушылар иттерді атумен айналысқан адамдарды түсіріп алған. 

2011, 2015, 2020 және 2022 жылдары билік Ақтауда жануарларға арналған крематорий сатып алғанын хабарлады. Бірақ оны ешкім көрмепті. Қала тұрғындары бұған облыстық әкімдік пен полицияның назарын аударуды сұрайды.

"Олар өртенбейді, жерленбейді. Қала сыртына лақтырады да, нәтижесінде олар шіріп, инфекциялардың барлық түрлерін таратады. Адамгершілікке жатпайтын іс, қатыгездіктің шектен шығуы", – деп жазады қоғам қайраткері және блогер Азамат Сәрсенбаев.

Екі күн бұрын Мұнайлы ауданында иттер атылды. Бұған белсенділер шағымданып, шенеуніктерден зорлық-зомбылықты тоқтатуды талап етті. Әкімдік қаңғыбас иттер тым көп болғанын түсіндірді.

Талқылау