Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шындықты айтсам, төбе шашыңыз тік тұрады": Мақпал Жүнісова оқырмандарымен сырласып, жеке өмірінен сыр шертті

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова оқырмандарымен сырласып, олардың бірнеше қойған сұрағына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Өнер иесіне желі қолданушысы "Күйеуге тимегенде тағдырыңыз басқаша болар еді?!" деген сұрақ қойды. Халық әртісі шынайы жауап қатты. 

“Бар шындықты айтсам, төбе шашыңыз тік тұрады. Дәл осындай азаматқа күйеуге шығу арман болмады. Өзі жоқ болғасын көп ашық айта алмаймын. Өйткені марқұм халыққа көп көмегі тиген еді”, – деп жазды әнші.



Еске салайық, Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовтің өзіне қалай ғашық болғанын айтқан еді. 

“Мен ол кісінің есігін қағып, босағасына барып “Мені алшы” деп жалынған емеспін. Тіпті ол кісіге ғашық та болмағанмын. Жақсы да көрген жоқпын. Зәкең өзі дегенін жасап, қалауын орындады. “Шешең берсе де, бермесе де аламын” деді. Қолында билігі болды. Айналасында біз қорқатын адамдар болды. Алғаш кезде біз ол кісіден қорықтық. Кейін барып, сыйластық орнады”, – деген еді халық әртісі. 

Талқылау