Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттегі BI Group-тың жаңа сату бөлімі алғашқы клиенттерін қабылдады

BI Group Шымкентте Сату бөлімін ашты. Ол қаланың әкімшілік-іскерлік орталығындағы Tamerlan Residence тұрғын үй кешенінде орналасқан.

Сату бөлімінің ашылуы Оңтүстік мегаполисте тұрғын үй кешендерінің көптеп салынуымен байланысты. Компания қазір Шымкентте 6 тұрғын үй кешенін салып жатыр – Altair, Al` Farabi, Tumar Apartments, Dendropark, Grand Park, "Клубный дом 39".

"Шымкентте сату бөлімінің ашылуы - мегаполис пен компания үшін маңызды оқиға. Қаламен бірге біз де өсіп келеміз. Келесі жылы қала жаңа тұрғын үй кешендерімен толығады. Ал біз келушілерді риза әрі бақытты ету үшін сапалы қызмет көрсетуге күш саламыз!" - деді Шымкенттегі Сату бөлімінің жетекшісі Ержан Жардемов.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы қалада бірінші сату орталығы ашылған еді, ал Шымкенттегі компанияның алғашқы тұрғын үй кешенінің құрылысы 2019 жылы басталған. Сол кезде BI Group Шымкент нарығына алғаш рет шыққанын жариялады. Қысқа уақыт ішінде Tamerlan Residence тұрғын үй кешені қаланың ең көрікті орнына айналып үлгерді.

Қазіргі уақытта 349 тұрғын Tamerlan Residence кешенінің бақытты пәтер иесі атанды, бұл дегеніміз - 33 мың шаршы метр баспана, кеңсе орындары, екі деңгейлі жерасты паркингі.

BI Group компаниясының сату бөлімдері, клиенттерге пәтерді кез келген ыңғайлы жолмен сатып алуға мүмкіндік береді.

Пандемияға байланысты BI Group алғашқы болып пәтерді онлайн-режимде сатып алу мүмкіндігін іске асырды. Тек 2021 жылдың ақпан айында барлық келісім шарттың 93%-ы онлайн-режимде жасалды. Оған қоса, енді клиенттер 15 минут ішінде блокчейн жүйесі арқылы мәміле жасап, сатып алу-сату шартына қол қоя алады. 

Дегенмен дәстүрлі форматты ұнататын клиенттер бар. Тіпті қазір барып-ақ Сату бөлімінен ипотека ресімдеп, компанияның жөндеу жұмыстары - smart remont пен connected home қызметтеріне тапсырыс беруге болады. 

BI Group 26 жыл ішінде өзін сенімді құрылыс салушы ретінде таныта білді, компания салған үйлерде  200 мыңнан астам отбасы тұрады. Бүгінгі таңда холдинг 6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй, сондай-ақ жүздеген әлеуметтік, коммерциялық, өнеркәсіптік және мұнай-газ инфрақұрылымы объектілерін іске асырды.

Егер сіз де BI Group тұрғындарының үлкен отбасысына қосылғыңыз келсе, Бәйтереков көшесі, 100/3 мекенжайы бойынша орналасқан Шымкент қаласының сату бөліміне келіп, толығырақ ақпарат алыңыз. Сату бөлімі жұмыс күндері сағат 9-дан 20.00-ге дейін, демалыс күндері сағат 10-нан 18.00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс жасайды. 

Талқылау