Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жолдағы ақаулар 15 мамырға дейін жөнделетін болады

Олай болмаған жағдайда мердігерлерге мерзімі өткен әрбір күн үшін айыппұл салынады. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жөнделген жолдардың сапасын бақылау барысында бірқатар олқылықтарды анықтаған мамандандырылған комиссия жұмысының қорытындысынан кейін осындай тапсырма берді. 

Қала басшысының тапсырмасымен қалалық көлік және автомобиль жолдары бөлімі мен "Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы" РМК қалалық филиалының мамандарынан құралған комиссия 8 мердігер мекеме жүргізген жол жұмыстарының сапасын тексерген болатын. 

Нәтижесінде бірқатар кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, жаңадан салынған және жөндеубен өткен 310 шақырым жолдың 2,8 шақырымында ақау болып шықты. Жөнделген 980 ұңғыманың 21-нің жұмысы сапасыз болғандықтан мамандар қабылдамады.

 Әкімдік 15 мамырға дейін нысандарды қалпына келтіру туралы мердігер ұйымдардың басшылығына ескерту хаттарын жолдады. Талаптарды уақытында орындамаған жағдайда құрылысшыларға мерзімі өткен әрбір күн үшін айыппұл салынады. 

Еске салайық, 2021 жылы Шымкентте 310 шақырым жолға құрылыс жұмыстары жүргізілді. Оның 72,2 шаршы шақырымы жаңа жол, 237,8 шаршы шақырымы жөндеуден өтті. 

Сондай-ақ, әуежай аймағындағы 4,5 шақырым веложолдың 0,6 шақырымына кәріз жүйесін жүргізген мердігер – "EnSaf" ЖШС-і реттейтіні белгілі болды. Қазірдің өзінде жұмыс жүріп жатыр. Ал кәріз жүйесінің орнында "Береке" корпорациясы тас жол мен веложол салуды бастайды.

Stan.kz
Сенбі, 02 Сәуір, 2022 18:38
Талқылау