Шымкентте жолаушы таксиде босанды
Шымкентте такси жүргізушісі жолаушыларының біріне босануға көмектескен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar басылымына сілтеме жасап.

Қаладағы такси сервисінің жүргізушісі Алиер Маккамовтың сөзінше, ерекше жағдай кешкі 18:00 шамасында болған. Әдеттегідей кезекті тапсырыстардың біріне барған екен. Кейін көлікке екі баласы бар әйел отырыпты. Алайда жолда әйелдің толғағы басталып, босанып қалған.
"Мен оған перзентханаға баруды ұсындым, бірақ ол бас тартып, тезірек үйге бару керегін айтты. Сол кезде жедел жәрдем шақырып, күту керек деген шешім қабылдадым. Бірақ әйелдің суы кете бастады", – дейді такси жүргізушісі.
Жолаушы таксидің салонында босанған. Ал жедел жәрдем бала туған соң ғана жетіпті. Сәби мен анасының жағдайы жақсы.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген