Ата-анасы тұрмыс құруға рұқсат бермеді: Шымкентте жоғалып кеткен бойжеткен табылды
Шымкенттік әйел адам 18 жастағы қызының жоғалып кеткенін хабарлап, полиция қызметкерлеріне жүгінген. Қызметкерлер қызды аман-есен тауып, отбасымен қауыштырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Көрнекі сурет
Анасы қыздың үйден шығып, қайта оралмағанына алаңдап, полиция қызметкерлеріне мән-жайды мәлімдеген. Полиция бойжеткеннің достары мен таныстарынан сұрап, жақын маңдағы аудандарды тексерді. Ақпарат лезде облысқа таратылды.
Нәтижесінде қыз аман-есен Шымкенттен табылды. Ол сүйіктісімен бірге отбасынан қашып кеткен. Қашқын қыздың ата-анасы тұрмысқа шығуға рұқсат бермегеннен кейін осындай әрекетке барғаны анықталды.
Қызметкерлер қызды үйіне жеткізді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”