Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жанжал барысында әйел жұбайына пышақтап тастаған

Шымкентте отбасылық кикілжіңнің соңы кісі өлімімен аяқталды. Жанжал барысында әйел жұбайына пышақ жарақатын салған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

48 жастағы ер азаматтың дене жарақатынан қайтыс болғандығы туралы полицияға жедел жәрдем бригадасы хабар берген. Тексеру барысында отбасылы ерлі-зайыптының арасында туындаған жанжалдан пышақ жарақатын алғаны белгілі болды.

"Аталған жайт ҚР ҚК-нің 99 бабының 1 бөлігімен (Адам өлтіру) тіркелді. Қазіргі таңда қажетті сараптамалар тағайындалып, болған істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеп тексеру амалдары жүргізілуде", – деп мәлімдеді Шымкент қалалсы полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 11 Шілде, 2022 21:39
Талқылау