Шымкентте жаңа кешеннің тұрғындары жылудың жоқтығынан үйлеріне кіре алмай отыр
Шымкентте ипотекамен баспана алған халық үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені "Нью Сити" тұрғын үй кешенінде әлі күнге газ да, жылу да жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.
Үйді салған мердігер газ тартушыларға, ал олар құрылыс басқармасының қас-қабағына қарайлап, уақытты созып отыр дейді тұрғындар.
"Жылу қосылмаған. Екі күн болды. Бесікте кішкентай баламыз бар", - дейді тұрғындардың бірі.
Электр пешінің көмегімен жаңа пәтердің жалғыз бөлмесінде бақандай бес адам қымтырылып күн кешуде. Қыркүйекте қоныс аударған отбасы қарашаның қара суығына қалып қойдық дейді. Бұған дейін пәтер жалдап күнелткен жанұя қазір өз баспанамыздың да жылыуы жоқ деп мұңаямыз дейді олар. Ал енді біреулері әлі үйіне кірмеген.
"Осыдан төрт ай бұрын үй алдық. Міне төртінші ай ипотекамды төлеп жатырмын. Үйіме кіре алмай отырмын. Өйткені жылу жоқ, тамақ жасайтын газ жоқ. Бес айлық шақалақ пен 5 жастағы қызым бар", - дейді тұрғын Сандуғаш Селмұрзаева.
Жалпы бұл кешенде орналасқан 8 үйде 500-ден астам пәтер бар. Соның тең жартысы көшіп келсе, қалғаны жылу мен газдың келгенін күтіп отыр. Айта кету керек, кешеннің жылу қазандығы бар. Бірақ ол тек газбен жылынады. Алайда мердігер компания өзіне тиесілі жұмысты бітіргенін айтады.
"100 пайыз құжатты өткізіп қойдық. Бізге сыртқы компанияар газды орнатып берсе, біз пәтерлерге кіргізетін боламыз", - дейі компания өкілі Мұрат Мұрашимов.
Басқарма өкілдері де дайынбыз деп сендірді. Техникалық тұрғыдан тексеріп шықсақ, дәл бүгін қосамыз деп те ант су ішті. Дегенмен шенеунік сөзінде тұра алмады. Жылу сол бойы берілмеді.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
