Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте үш баланы өлтірген дезинсектор сотталды

Шымкентте үш баланың өліміне кінәлі деп айыпталған дезинсекторға сот үкімі шықты. Зиянкестерді улаймын деп балақайларды бақилық қылған азамат енді 5 жылын темір торда өткізеді. Жеңіл жазаны судья сотталушының кәмелетке толмаған балалары мен қылмысты абайсызда жасағанын ескеріп тағайындаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеруде жинақталған құжаттардың, дәлелдердің жиынтығымен кінәсі толық дәлелденді. Нәтижесінде үш жасөспірім баланың қаза болғанын, кінәсін мойындамағанын, өз әрекетіне өкінбегені, жәбірленушілер кешірім бермегенін ескеріп, бұл екінші эпизоды бойынша, кешірім беріп отырған жоқ, тек бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып отыр", - деді Еңбекші аудандық сотының төрағасы Айдос Сұлтанов.

Қайғылы қос жағдайдың біріншісі былтыр қазан айының соңында болған. Жатақханадағы жәндіктерді улап кеткен соң, сол жердегі тұрғындар ауруханаға түсіп, 4 жасар бала мен 11 айлық шақалақ көз жұмған. Үш айдан кейін өзге көпқабатты үйде дәл осы дезинсектордың жұмысынан кейін бір 8 айлық шақалақ өлген.

Екі баласынан айрылған отбасына сотталушы 5 миллион теңге моральдық шығын ретінде өтемақы беруі тиіс. Сәбиінен айырылған екінші отбасы сотталушыға кешірім беріпті.

Ал дезинсектордың өзі судья айтқандай, кінәсін мойындаған жоқ. Сот үкімімен оның жақындары да келіспейді.

"Ол жақта біз бейсенбі күні дезинфекция жасадық. Сенбіде олар ішіне кірген. Ал бұлар жексенбіде уланды. Ішіндегі адам уланбағанда, сыртындағы адам қай жақтан уланады? Ол жақта денесінен бір химия табылған жоқ", - деді сотталған азаматтың әйелі Салтанат Жаңабаева.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр